https://sputnik.kz/20220223/shymkent-mayning-fermasy-23031137.html
Шымкентте тағы бір майнинг фермасы анықталды
Шымкентте тағы бір майнинг фермасы анықталды
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда үш күнде 34 заңсыз майнинг фермасының жұмысы тоқтатылды. 23.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-23T15:31+0500
2022-02-23T15:31+0500
2022-02-23T15:37+0500
өңірлер
шымкент
https://sputnik.kz/img/526/43/5264333_5:0:1792:1005_1920x0_80_0_0_e43029e299439a29567518511fba8a32.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан — Sputnik. Шымкентте қаржы мониторингі агенттігінің жергілікті департаменті Bitcoin криптовалютасын өндіретін 360 дана ASIC жабдығын тәркіледі. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады. Қазақстанда заңсыз майнинг фермаларын анықтау жағдайлары жиіледі. Кеше Петропавлда бұған дейін көкөніс сақтау үшін қолданылған қоймада майнерлер анықталды. Олардың заңсыз табысы 68 миллион теңгеден асқан. Атбасарда теріс діни ағымды ұстанатын адамға тиесілі майнинг фермасы анықталды. 21 қаңтарда жемқорлықпен күрес агенттігі Алматы облысының Жамбыл ауданында ірі майнинг фермасының қызметін тоқтатты.Олар тоқыма өнімдерін дайындаймыз деп заңсыз әрекеттерін жасырып келген. Қазір өңірлерде Энергетика минситрлігі және құқық қорғау органдары қызметкерлерінен жасақталған мобильді топ бақылау шараларын жүргізіп жатыр. Еске салары, Қазақстанда үш күнде 34 заңсыз майнинг фермасының жұмысы тоқтатылды. 18-20 ақпан аралығында жүргізілген жедел-іздестіру шараларының қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында заңсыз жұмыс істеп тұрған нысандар анықталды.Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық майнинг фермаларын анықтауды тапсырған болатын. Оның айтуынша, криптовалюта өндірісінің әлеуметтік-экономикалық әсері аз, жұмыс орындары құрылмайды және нақты өнім жоқ. Ал бұл сала электр энергиясын бүтіндей бір облыс сияқты тұтынып отыр.
https://sputnik.kz/20220219/ekibastuz-gres-mayning-22922584.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/526/43/5264333_228:0:1568:1005_1920x0_80_0_0_4c36e73f2ca49740f24521851c58976e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент
Шымкентте тағы бір майнинг фермасы анықталды
15:31 23.02.2022 (жаңартылды: 15:37 23.02.2022) Қазақстанда үш күнде 34 заңсыз майнинг фермасының жұмысы тоқтатылды.
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан — Sputnik. Шымкентте қаржы мониторингі агенттігінің жергілікті департаменті Bitcoin криптовалютасын өндіретін 360 дана ASIC жабдығын тәркіледі. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.
"Майнинг фермалары үш контейнерде орналасқан. Тергеу жүріп жатыр", - деді агенттікте.
Қазақстанда заңсыз майнинг фермаларын анықтау жағдайлары жиіледі. Кеше Петропавлда бұған дейін көкөніс сақтау үшін қолданылған қоймада майнерлер анықталды. Олардың заңсыз табысы 68 миллион теңгеден асқан. Атбасарда теріс діни ағымды ұстанатын адамға тиесілі майнинг фермасы анықталды. 21 қаңтарда жемқорлықпен күрес агенттігі Алматы облысының Жамбыл ауданында ірі майнинг фермасының қызметін тоқтатты.
Олар тоқыма өнімдерін дайындаймыз деп заңсыз әрекеттерін жасырып келген. Қазір өңірлерде Энергетика минситрлігі және құқық қорғау органдары қызметкерлерінен жасақталған мобильді топ бақылау шараларын жүргізіп жатыр.
Еске салары, Қазақстанда үш күнде 34 заңсыз майнинг фермасының жұмысы тоқтатылды. 18-20 ақпан аралығында жүргізілген жедел-іздестіру шараларының қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында заңсыз жұмыс істеп тұрған нысандар анықталды.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық майнинг фермаларын анықтауды тапсырған болатын. Оның айтуынша, криптовалюта өндірісінің әлеуметтік-экономикалық әсері аз, жұмыс орындары құрылмайды және нақты өнім жоқ. Ал бұл сала электр энергиясын бүтіндей бір облыс сияқты тұтынып отыр.