https://sputnik.kz/20220223/resey-zhogary-oqu-oryndary-23018394.html
Ресейде қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады
Ресейде қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады
Sputnik Қазақстан
Оқыту екі елдің мемлекеттік тілдерінде жүргізілуі мүмкін 23.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-23T10:12+0500
2022-02-23T10:12+0500
2023-08-09T12:17+0500
білім
білім және ғылым министрлігі
https://sputnik.kz/img/1110/99/11109908_0:32:3072:1760_1920x0_80_0_0_0c3abc72c48b692a973a2da81fb941bb.jpg
АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. Ресейде қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары ашылады. Тиісті Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық туралы қаулыға үкімет қол қойды. Ол жерде Қазақстанның Ресейде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын құру және олардың жұмыс істеу барысы көрсетілген. Ресейде қандай университеттер өз филиалдарын ашатыны әлі анықталған жоқ. Сонымен қатар Ресейдің жоғары білім беру ұйымдарының филиалдары Қазақстанда ашылады. Бұл туралы бұған дейін екі елдің президенттері келісті. Мұндай шешім ұзақ мерзімді ынтымақтастық және білім беру сапасын қамтамасыз ету, сондай-ақ техникалық бағыттағы кадрларды даярлау мақсатында қабылданды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі. Оқыту білім беру бағдарламалары шеңберінде филиалдар орналасқан елдің тілі мен тарихын міндетті түрде зерделей отырып, екі елдің мемлекеттік тілдерінде жүргізілуі мүмкін. Филиалдарда мемлекеттік бақылау және аккредиттеу мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1110/99/11109908_307:0:3038:2048_1920x0_80_0_0_6fc73be3566e398fff3ba035a464d4be.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
білім және ғылым министрлігі
білім және ғылым министрлігі
Ресейде қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады
10:12 23.02.2022 (жаңартылды: 12:17 09.08.2023) Оқыту екі елдің мемлекеттік тілдерінде жүргізілуі мүмкін
АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. Ресейде қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары ашылады. Тиісті Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық туралы қаулыға үкімет қол қойды.
Ол жерде Қазақстанның Ресейде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын құру және олардың жұмыс істеу барысы көрсетілген. Ресейде қандай университеттер өз филиалдарын ашатыны әлі анықталған жоқ.
Сонымен қатар Ресейдің жоғары білім беру ұйымдарының филиалдары Қазақстанда ашылады. Бұл туралы бұған дейін екі елдің президенттері келісті.
Мұндай шешім ұзақ мерзімді ынтымақтастық және білім беру сапасын қамтамасыз ету, сондай-ақ техникалық бағыттағы кадрларды даярлау мақсатында қабылданды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
"Келісімде тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес тепе-теңдік негізде филиалдар құрылады деп көзделген. Келісімді іске асыру аясында филиалдарды ашу кезінде қос лицензия алу жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.
Оқыту білім беру бағдарламалары шеңберінде филиалдар орналасқан елдің тілі мен тарихын міндетті түрде зерделей отырып, екі елдің мемлекеттік тілдерінде жүргізілуі мүмкін.
Филиалдарда мемлекеттік бақылау және аккредиттеу мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.