https://sputnik.kz/20220223/qaztransoyl-kompaniya-basshy-23037739.html
"ҚазТрансОйл" компаниясының жаңа басшысы тағайындалды
"ҚазТрансОйл" компаниясының жаңа басшысы тағайындалды
Sputnik Қазақстан
Димаш Досановтың өкілеттігі 14 қаңтарда мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын 23.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-23T18:09+0500
2022-02-23T18:09+0500
2022-02-23T18:09+0500
әлия назарбаева
компания
https://sputnik.kz/img/old/957/97/9579741_0:542:1717:1507_1920x0_80_0_0_1caac50f3bf5dd7d299793b2b9507f0b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. "ҚазТрансОйл" АҚ басқарма төрағасы қызметіне Талғат Құрманбаев сайланды."ҚазТрансОйлдың" бұрынғы басқарма төрағасы Димаш Досановтың өкілеттігі 14 қаңтарда мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын. Айта кетері, 40 жастағы Димаш Досанов – Қазақстанның тұңғыш президентінің қызы Әлия Назарбаеваның күйеуі."ҚазТрансОйл" АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың километр магистральды мұнай құбырының әртараптандырылған желісіне ие.Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/957/97/9579741_0:381:1717:1668_1920x0_80_0_0_578c75c54521e711f19e2be848ae98be.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлия назарбаева, компания
әлия назарбаева, компания
"ҚазТрансОйл" компаниясының жаңа басшысы тағайындалды
Димаш Досановтың өкілеттігі 14 қаңтарда мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. "ҚазТрансОйл" АҚ басқарма төрағасы қызметіне Талғат Құрманбаев сайланды.
"ҚазТрансОйл" АҚ директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес Талғат Құрманбаев 2022 жылдың 23 ақпанынан бастап "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры (басқарма төрағасы) болып сайланды", - делінген компанияның ресми хабарламасында.
"ҚазТрансОйлдың" бұрынғы басқарма төрағасы Димаш Досановтың өкілеттігі 14 қаңтарда мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын. Айта кетері, 40 жастағы Димаш Досанов – Қазақстанның тұңғыш президентінің қызы Әлия Назарбаеваның күйеуі.
"ҚазТрансОйл" АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың километр магистральды мұнай құбырының әртараптандырылған желісіне ие.
Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды:
"Өзен-Атырау-Самара" магистральды мұнай құбырының "Атырау-Самара" учаскесі;
"Қазақстан-Қытай Құбыры" ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу ("Атасу-Алашаңқай" мұнай құбыры);
Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю);
"Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу;
Т.Қасымов атындағы МАС теміржол цистерналарына мұнай құю.