https://sputnik.kz/20220223/qazaqstan-musylmandary-kriptovalyuta-23034655.html
Қазақстан мұсылмандарына криптовалютаны қолдануға тыйым салынды
Қазақстан мұсылмандарына криптовалютаны қолдануға тыйым салынды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы криптовалютаны қолдану дінге қайшы екеніне үш дәйек келтірді 23.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-23T16:58+0500
2022-02-23T16:58+0500
2023-08-09T09:59+0500
биткоин
криптовалюта
қазақстан
қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23018368_0:133:1281:853_1920x0_80_0_0_b442629037780e614efd940240960891.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан — Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "мұсылмандарға биткоин криптовалютасын қолдануға бола ма?" деген сауалға ресми жауап ұсынды.Басқарма оған бірнеше дәлел келтірген.Біріншіден, шариғат бойынша кез келген ақшаны мемлекет шығарып, қорғауы керек."Биткоин ешбір ұлттық валютаның сипатына келмейді. Өйткені ол мемлекеттік органдардың кепілдігімен әрі қаржы заңдарымен қорғалмаған, нақты активі жоқ, орталықтандырылмаған виртуалды ақша. Кез келген сәтте оның нарығы күрт өсіп немесе түсіп, одан адамдар зиян шегуі мүмкін. Әбу Али Хасан әт-Тауси: "Ғасырлар бойы ақша шығару құқығы патшадан өзгеге берілмеген", – деп айтқан (Сәйру әл-мулук, 233-бет)", - деп жазылған басқарманың ресми жауабында.Екіншіден, биткоин процестер көбіне жасырын жүзеге асады. Ал бұл шариғат тыйым салған алдауға, алаяқтыққа соқтырады."Алла Тағала Құранда былай дейді: "Уа, иман келтіргендер! Бір-біріңнің мал-дүниелеріңді арам жолмен жемеңдер. Ал өзара келісіп, ризашылықпен жасаған сауда-саттықтың жөні бөлек" ("Ниса" сүресі, 29-аят). Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) белгісіздік саудасына (ғарарға) тыйым салған (Муслим риуаят еткен)", - дейді басқарма екінші дәлел ретінде.Үшіншіден, биткоин валюта немесе тауар ретінде жауапты тараптардың бақылауынан тыс қалады. Бұл елдің ішкі экономикасына кері әсер етіп, қоғамның тұрақсыздануына жол ашуы мүмкін екені айтылған.ҚМДБ Мысыр елінің пәтуа комитеті, Еуразия мұсылмандарының пәтуа шығару кеңесі сияқты ірі ұйымдар да биткоин криптовалютасын қолдануға тыйым салғанын мәлімдеді.Sputnik Қазақстан тілшісі басқарманың баспасөз қызметіне хабарласқанда, олар бұл ҚМДБ-ның ресми пәтуасы екенін жеткізді.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23018368_0:0:1137:853_1920x0_80_0_0_a2db2ee2af21e8574eb2a79999ab2496.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
биткоин, криптовалюта, қазақстан, қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
биткоин, криптовалюта, қазақстан, қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Қазақстан мұсылмандарына криптовалютаны қолдануға тыйым салынды
16:58 23.02.2022 (жаңартылды: 09:59 09.08.2023) Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы криптовалютаны қолдану дінге қайшы екеніне үш дәйек келтірді
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан — Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "мұсылмандарға биткоин криптовалютасын қолдануға бола ма?" деген сауалға ресми жауап ұсынды.
"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің шешімі бойынша биткоин криптовалютасын қолдануға тыйым салынған", - деп жазылған ҚМДБ жауабында.
Басқарма оған бірнеше дәлел келтірген.
Біріншіден, шариғат бойынша кез келген ақшаны мемлекет шығарып, қорғауы керек.
"Биткоин ешбір ұлттық валютаның сипатына келмейді. Өйткені ол мемлекеттік органдардың кепілдігімен әрі қаржы заңдарымен қорғалмаған, нақты активі жоқ, орталықтандырылмаған виртуалды ақша. Кез келген сәтте оның нарығы күрт өсіп немесе түсіп, одан адамдар зиян шегуі мүмкін. Әбу Али Хасан әт-Тауси: "Ғасырлар бойы ақша шығару құқығы патшадан өзгеге берілмеген", – деп айтқан (Сәйру әл-мулук, 233-бет)", - деп жазылған басқарманың ресми жауабында.
Екіншіден, биткоин процестер көбіне жасырын жүзеге асады. Ал бұл шариғат тыйым салған алдауға, алаяқтыққа соқтырады.
"Алла Тағала Құранда былай дейді: "Уа, иман келтіргендер! Бір-біріңнің мал-дүниелеріңді арам жолмен жемеңдер. Ал өзара келісіп, ризашылықпен жасаған сауда-саттықтың жөні бөлек" ("Ниса" сүресі, 29-аят). Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) белгісіздік саудасына (ғарарға) тыйым салған (Муслим риуаят еткен)", - дейді басқарма екінші дәлел ретінде.
Үшіншіден, биткоин валюта немесе тауар ретінде жауапты тараптардың бақылауынан тыс қалады. Бұл елдің ішкі экономикасына кері әсер етіп, қоғамның тұрақсыздануына жол ашуы мүмкін екені айтылған.
ҚМДБ Мысыр елінің пәтуа комитеті, Еуразия мұсылмандарының пәтуа шығару кеңесі сияқты ірі ұйымдар да биткоин криптовалютасын қолдануға тыйым салғанын мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан тілшісі басқарманың баспасөз қызметіне хабарласқанда, олар бұл ҚМДБ-ның ресми пәтуасы екенін жеткізді.