Қазақстан атом энергетикасының үлесін 12%-ке жеткізуді жоспарлап отыр

© РИА НовостиАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2022
Жазылу
Энергетика министрлігінің болжауынша, 2035 жылға қарай Қазақстанға әлдеқайда көп көлемде электр энергиясы қажет болады
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Энергетика министрлігі электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев Қазақстан 2023 жылға қарай электр энергиясын қандай көздерден алатыны туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның мәліметінше, 2021 жылы Қазақстан 2022 жылға қарағанда 6%-ке көп электр қуатын пайдаланған. Бұл мемлекет үшін қалыптан тыс көрсеткіш: салыстыру үшін айтсақ, алдыңғы жылдары мұндай өсім небәрі 2%-ті құраған.
2035 жылға қарай Қазақстанға әлдеқайда көп көлемде электр энергиясы қажет болады деген болжам бар. Сондай-ақ қазір қолданыстағы энергия көздерінің тозығы жетіп, істен шығады.
"Электр қуатын енгізуді бастамасақ, қазіргі энергия көздері халық пен экономика сұранысын қанағаттандыра алмай қалады", - деді Дәрібаев баспасөз конференциясында.
Қазақстан 2035 жылға қарай көмір үлесін 40%-ке дейін төмендетуді жоспарлап отыр (қазір ол шамамен 70%-ті құрайды). Жаңартылатын энергия көздерінің үлесін (мысалы, күн және жел) 23%-ке, ал газ генерациясын 18%-ке дейін арттыру көзделіп отыр. Су электр станцияларының (СЭС) үлесі 7%-ті құрайды.
"Атом станциясының үлесі жалпы өндірілген электр энергиясының 12%-ін құрайды", - деді департамент директоры.
Атомная электростанция  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2022
Экономика
Тоқаев АЭС туралы: таза атом энергиясы болмаса бүкіл экономикамызды жоғалтамыз
Жаңалықтар
0