Аңдатпа

Қазақстанда 24 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневАстана көрінісі
Астана көрінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2022
Жазылу
Sputnik Қазақстан 24-26 ақпанда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

24 ақпанға жоспарланған іс-шаралар

Талдықорған

11.00 - Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы тақырыбына арналған брифингі. Өтетін орны: Талдықорған қаласы, Журналистер үйі (Қонаев-Балапанов көшелерінің қиылысы). Ashyq қосымшасы арқылы кіреді.

НҰР-СҰЛТАН

12: 30 - Орталық коммуникациялар қызметінде "өнеркәсіптік өнімдердің кейбір түрлерінің утилизациялық мөлшерін төмендету туралы" баспасөз конференциясы. Спикерлер: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев; ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің департамент директоры Мансұр Өшірбаев; "Жасыл Даму" АҚ Басқарма төрағасы Жанат Самат.

23-26 ақпанға жоспарланған іс-шаралар

23-26 ақпан аралығында М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында "Премьералар апталығы" өтеді. Мәдени іс-шара 23 ақпан сағат 17.00-де баспасөз конференциясымен басталады. Баспасөз конференциясына М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, КСРО Халық артисі – А.Әшімов, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Е.Жуасбек, "Қан мен тер. Ақбала" трагедиясының қоюшы-режиссері – А.Оспанбаева, "Қытайдан жеткен сәлемдеме" драмасының қоюшы-режиссері – А.Қабдешова, "Мақшар түнгі махаббат" мистикалық драмасының қоюшы-режиссері – Ж.Жұманбай қатысады.
18.30 - қоюшы-режиссер А.Оспанбаеваның (авт. Ә.Нұрпейісов) "Қан мен тер. Ақбала" трагедиясы.
24 ақпан қоюшы-режиссер А.Қабдешованың "Қытайдан жеткен сәлемдеме" (авт. Р.Отарбаев) драмасы.
25 ақпан (бір кеште екі спектакль) қоюшы-режиссер Н.Қарабалинаның "Бейтаныс таныстар" (авт. А.Батырқызы) және қоюшы-режиссер Р.Жұрынбайдың "Қайдасың, мама?!" (авт. Ж.Бауыржанқызы) моноспектакльдері
26 ақпан қоюшы-режиссер Ж.Жұманбайдың "Мақшар түнгі махаббат" (авт. Д.Исабеков) мистикалық драмасының премьерасы.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауап бермейді.
Жаңалықтар
0