https://sputnik.kz/20220223/petropavl-turgyny-mln-tenge-23017969.html
Алаяқтықтың жаңа түрі: Петропавл тұрғыны 4 млн теңгесінен айырылды
Алаяқтықтың жаңа түрі: Петропавл тұрғыны 4 млн теңгесінен айырылды
Sputnik Қазақстан
Құжатта банктің логотипі де болған 23.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-23T10:08+0500
2022-02-23T10:08+0500
2022-02-23T10:14+0500
өңірлер
алаяқтық
петропавл
тұрғын
теңге
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744459_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_028bb4d962af9bcf25ff82e44edcec6f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Петропавл қаласының тұрғыны мессенджер арқылы құжат жіберген алаяқтарға сеніп, 4 миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті. 10 ақпан күні оған қоңырау шалған адам өзін "Халық банк" қызметкері ретінде таныстырған. Ол әйелдің атынан біреу 4 миллион теңге кредит рәсімдейін деп жатқанын және осы заңсыз операцияны шұғыл тоқтату қажеттігін айтқан.Осылайша, тұрғын 4 миллион теңгенің заңсыз кредитін тоқтатамын деп ойлаған. Бірақ, шын мәнінде, сол ақшаға кредитті өзі рәсімдеп, алаяққа жібере салған. Алаяқ айтқан "сақтандыру есепшоты" жалған болып шыққан. Жәбірленуші "келісімшартты" тағы бір рет қарағанда өзінің аты-жөні жазылмағанын көрді. Сол кезде алаяққа алданғанын түсініп, полицияға хабар берген. "Алаяқтардың мақсаты – адамдардың жеке құпия мәліметтерін сұрап алып, қаражатына қол жеткізу немесе олардың атына несие ресімдеу екенін білген жөн. Қандай жағдай болмасын, бөгде адамға құпия мәліметті, пин-кодты, sms-хабарламамен келетін бірреттік құпия сөзді айтпаңыздар", - дейді тәртіп сақшылары. Телефон арқылы таныс емес тұлғалармен қаржы операцияларын жүргізуге болмайды. Қаражаттың қауіпсіздігіне алаңдаған жағдайда банк филиалына барған дұрыс. Ал "банктің қауіпсіздік қызметінен" қоңырау шалғандарға сенбеу керек.
https://sputnik.kz/20211122/kualik-adam-alayak-18720497.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744459_97:0:2348:1688_1920x0_80_0_0_5e428f2bb01a27da4ea8ea1e90c0ef0d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық, петропавл, тұрғын, теңге
алаяқтық, петропавл, тұрғын, теңге
Алаяқтықтың жаңа түрі: Петропавл тұрғыны 4 млн теңгесінен айырылды
10:08 23.02.2022 (жаңартылды: 10:14 23.02.2022) Құжатта банктің логотипі де болған
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Петропавл қаласының тұрғыны мессенджер арқылы құжат жіберген алаяқтарға сеніп, 4 миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
10 ақпан күні оған қоңырау шалған адам өзін "Халық банк" қызметкері ретінде таныстырған. Ол әйелдің атынан біреу 4 миллион теңге кредит рәсімдейін деп жатқанын және осы заңсыз операцияны шұғыл тоқтату қажеттігін айтқан.
"Әйел интернет-алаяқтық туралы білген. Бірақ қылмыскер WhatsApp мессенджері арқылы "кредиттің күшін жоятын келісімшарт" жібергеннен кейін сеніп қалды. PDF-сурет нағыз құжат сияқты көрінген, банктің логотипі де болды", - дейді полицейлер.
Осылайша, тұрғын 4 миллион теңгенің заңсыз кредитін тоқтатамын деп ойлаған. Бірақ, шын мәнінде, сол ақшаға кредитті өзі рәсімдеп, алаяққа жібере салған. Алаяқ айтқан "сақтандыру есепшоты" жалған болып шыққан.
Жәбірленуші "келісімшартты" тағы бір рет қарағанда өзінің аты-жөні жазылмағанын көрді. Сол кезде алаяққа алданғанын түсініп, полицияға хабар берген.
"Алаяқтардың мақсаты – адамдардың жеке құпия мәліметтерін сұрап алып, қаражатына қол жеткізу немесе олардың атына несие ресімдеу екенін білген жөн. Қандай жағдай болмасын, бөгде адамға құпия мәліметті, пин-кодты, sms-хабарламамен келетін бірреттік құпия сөзді айтпаңыздар", - дейді тәртіп сақшылары.
Телефон арқылы таныс емес тұлғалармен қаржы операцияларын жүргізуге болмайды. Қаражаттың қауіпсіздігіне алаңдаған жағдайда банк филиалына барған дұрыс. Ал "банктің қауіпсіздік қызметінен" қоңырау шалғандарға сенбеу керек.