Өңірлер

Жеті сағатқа созылды - шымкенттік дәрігерлер сәтті операция жасады

© Баубек КоныровОта, аурухана
Ота, аурухана - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2022
Жазылу
Науқасқа бас сүйек трепанациясы жасалды
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Шымкент қаласының нейрохирургтары алғаш рет ми ісігін алып тастау бойынша сәтті операция жасап шықты.
"Отырар" порталының ақпаратына сәйкес, дәрігерлер алдымен науқастың бас сүйегін тескен. Одан кейін жаңа микрохирургиялық аппараттың көмегімен ми ісігін алып тастаған. 16 жастағы қызға жасалған операция жеті сағатқа созылды. Операцияны нейрохирургтар Самат Көкшібаев пен Таңсық Абдуллаев жасап шықты.

"Бас сүйек трепанациясын жасап, үлкен ісікті алып тастадық. Біз осы операцияны қымбат құрал-жабдық - микроскоп, микрохирургиялық жабдық пен нейромониторингтің арқасында алғаш рет жасап шықтық", - дейді Көкшібаев.

Ондай операция кезінде бас сүйектің шағын бөлігін кесіп алып, ісікті алып тастағаннан кейін қайтадан орнына қояды. Мұндай зергерлік жұмыстан кейін науқас жазылған кезде сүйектің кесілген жері білінбей кетеді.
"Қазіргі кезде қыздың жағдайы тұрақты, неврологиялық ауытқулар жоқ. Жаңа аппараттың арқасында көп балаға көмектесеміз деп ойлаймын. Біз олардың өмірін сақтау үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз", - деді нейрохирург.
Бүгінде жас пациент ауруханадан шығуға дайындалып жүр. Бірақ оны онкологтар бақылайтын болады.
Скрипка. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2020
Әлем
Миына ота жасалып жатқанда скрипка тартқан науқастың видеосы тарады
Жаңалықтар
0