Экономика

Энергетика министрлігі АЭС салу туралы шешім қашан қабылданатынын айтты

© Sputnik / Николай Лазаренко / Медиабанкке өтуАЭС, архивтегі фото
АЭС, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан — Sputnik. Энергетика министрлігі атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Жасұлан Қасенов Қазақстанда АЭС салуға қатысты шешім қашан қабылданатыны туралы сұраққа жауап берді.
"Қазіргі уақытта Қазақстанда табиғи-климаттық факторлар негізінде атом энергетикасын дамыту мүмкіндігі және АЭС-тің қоршаған ортаға ықпалының мүмкіндігі бойынша зерттеу жүргізіліп жатыр", - деді ол баспасөз конференциясы кезінде.
Журналистер Қазақстанда АЭС құрылысына қатысты шешім қашан қабылданатынын сұрады.
"Соңғы шешім қашан қабылданатыны жөнінде нақты мерзімді атай алмаймын. Қазір зерттеу жүріп жатыр. Сол зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды шығарылып, ол қарастыруға жіберіледі", - деді Қасенов.
"Нақты мерзім жоқ па? Ол зерттеу 15 жыл бойы жүргізілуі де мүмкін ғой", - деді журналист.
"Ол 15 жылға созылады деп ойламаймын, жақын уақытта шешіледі. Нақты мерзімін атай алмаймын, себебі зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет", - деді департамент директоры.
Баспасөз конференциясы кезінде Қасенов қазір Қазақстан ядролық технологияларды жеткізетін алты әлемдік жабдықтаушыны қарастырып жатқанын айтты. Атап айтқанда, олар америкалық, америкалық-жапониялық, кореялық, қытайлық, ресейлік және француз технологиялары. Оның айтуынша, әлеуетті жабдықтаушыларды зерттеу қауіпсіздік, орналасу орны, қуаты мен АЭС құны бойынша жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, біраз бұрын "Қазақстан атом электр станциясы" ЖШС бас директоры Тимур Жантикин Қазақстанға АЭС құрылысы бойынша ұсыныс жолдаған компанияларды атады. Олар:
Росатом (Ресей);
CNNC (Қытай);
KHNP (Оңтүстік Корея);
EDG (Франция);
NuScale Power (АҚШ);
General Electric (АҚШ) пен Hitachi (Жапония) бірлескен жобасы.
АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2022
Экономика
Қазақстанда АЭС құрылысына қатысты референдум өте ме – министр жауабы
Жаңалықтар
0