https://sputnik.kz/20220223/darigerler-mangystau-zhasospirim-23030069.html
Дәрігерлер маңғыстаулық жасөспірімнің кеудесінен оқ алды
Дәрігерлер маңғыстаулық жасөспірімнің кеудесінен оқ алды
Sputnik Қазақстан
Баланың ата-анасы болған жайтты полицияға хабарламауды ұйғарған 23.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-23T15:06+0500
2022-02-23T15:06+0500
2023-08-09T16:44+0500
оқиға
жасөспірім
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15077213_0:0:3073:1730_1920x0_80_0_0_9c4ef5e17904575333748beb368b3423.jpg
АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. Дәрігерлер эндоскопиялық жабдықтың көмегімен жасөспірімнің кеудесінен пневматикалық қарудың оғын алды. Бұл туралы блогер Азамат Сәрсенбаев Facebook желісінде хабарлады.Оқиға сенбі, 19 ақпан күні болған. Кеуде тұсына оқ тиген 16 жастағы жасөспірім Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген.Дәрігерлер толық тексерістен өткізіп, 22 ақпанда жасөспірімнің кеудесінен бөгде затты алу операциясын жасады. Операция шамамен 40 минутқа созылды. Эндоскопиялық жабдықтың арқасында ота балалар ауруханасының қабырғасында жасалды. Қазір жасөспірім үйге шығуға дайындалып жатыр.Маңғыстау облысының полиция департаменті де оқиғаға қатысты түсініктеме берді."Бұл факті бойынша полицияға ешкім арызданбады. Ата-анасы ешкімге шағымданғысы келмейтінін айтты", - деп хабарлады полиция Sputnik Қазақстанға.
https://sputnik.kz/20211218/Ayaldama-politsiya-9-kudikti-18919455.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15077213_344:0:3073:2047_1920x0_80_0_0_6dfe4ccb0ccd50b5a6807a135e0f1c23.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жасөспірім, маңғыстау облысы
жасөспірім, маңғыстау облысы
Дәрігерлер маңғыстаулық жасөспірімнің кеудесінен оқ алды
15:06 23.02.2022 (жаңартылды: 16:44 09.08.2023) Баланың ата-анасы болған жайтты полицияға хабарламауды ұйғарған
АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. Дәрігерлер эндоскопиялық жабдықтың көмегімен жасөспірімнің кеудесінен пневматикалық қарудың оғын алды. Бұл туралы блогер Азамат Сәрсенбаев Facebook желісінде хабарлады.
Оқиға сенбі, 19 ақпан күні болған. Кеуде тұсына оқ тиген 16 жастағы жасөспірім Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген.
"Бірге келген адамдардың айтуынша, жасөспірім "Ақбота" саябағындағы аттракциондардың бірінде (тирде) абайсызда жарақат алған", - деп жазды Сәрсенбаев.
Дәрігерлер толық тексерістен өткізіп, 22 ақпанда жасөспірімнің кеудесінен бөгде затты алу операциясын жасады. Операция шамамен 40 минутқа созылды. Эндоскопиялық жабдықтың арқасында ота балалар ауруханасының қабырғасында жасалды. Қазір жасөспірім үйге шығуға дайындалып жатыр.
Маңғыстау облысының полиция департаменті де оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Бұл факті бойынша полицияға ешкім арызданбады. Ата-анасы ешкімге шағымданғысы келмейтінін айтты", - деп хабарлады полиция Sputnik Қазақстанға.