https://sputnik.kz/20220223/arnayy-operatsiya-qaru-zharaq-dukeni-23032847.html
Арнайы операция: Алматыда қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен 3 жігіт ұсталды
Арнайы операция: Алматыда қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен 3 жігіт ұсталды
Sputnik Қазақстан
25-27 жастағы күдіктілер 5 қаңтарға қараған түні "Камерад" аңшылық дүкенін тонап кеткен 23.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-23T16:05+0500
2022-02-23T16:05+0500
2022-02-23T16:05+0500
қару-жарақ
тәртіпсіздік
https://sputnik.kz/img/561/27/5612711_0:59:1920:1139_1920x0_80_0_0_be42fd19ddf031b0e31836a5aad97ca0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан — Sputnik. Алматыда қару-жарақ дүкенін тонауға қатысушыларды ұстау бойынша екі арнайы операция өткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.Үш күдікті қамауға алынды. Ұрланған қарудың бір бөлігі "Достық" шағын ауданындағы үйлердің бірінен, ал екіншісі Алматы облысы, Қарасай ауданы аумағындағы Жамбыл елді мекеніндегі үйлердің бірінен табылып, тәркіленді.Оның айтуынша, күдіктілер кінәсін мойындап, дүкенге қалай кіргенін айтып берген.Тергеушілер "үштіктің" осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.Қылмыстық іс Қазақстан Қылмыстық кодексінің 291-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ұрлау) бойынша тергеліп жатыр. Бұл бап бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/561/27/5612711_170:0:1877:1280_1920x0_80_0_0_63ec432067c137409ca7fed6d72da413.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қару-жарақ, тәртіпсіздік
Арнайы операция: Алматыда қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен 3 жігіт ұсталды
25-27 жастағы күдіктілер 5 қаңтарға қараған түні "Камерад" аңшылық дүкенін тонап кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан — Sputnik. Алматыда қару-жарақ дүкенін тонауға қатысушыларды ұстау бойынша екі арнайы операция өткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Үш күдікті қамауға алынды. Ұрланған қарудың бір бөлігі "Достық" шағын ауданындағы үйлердің бірінен, ал екіншісі Алматы облысы, Қарасай ауданы аумағындағы Жамбыл елді мекеніндегі үйлердің бірінен табылып, тәркіленді.
"Екі күдікті 25 жаста, біреуі 27-де. 5 қаңтарға қараған түні олар "Камерад" аңшылық дүкенін тонап кеткен. Қаскөйлер ұрланған заттарды үйдің жертөлесіне тығып, үстіне құм басып кеткен. Әртүрлі маркадағы төрт тегіс ұңғылы мылтық, автомат, 720 патрон, бес аңшы пышағы, арбалет, оптикалық көздеуіш және оқ-дәрі тәркіленді және қылмыстық іс материалдарына тіркелді", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Оның айтуынша, күдіктілер кінәсін мойындап, дүкенге қалай кіргенін айтып берген.
Тергеушілер "үштіктің" осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Қылмыстық іс Қазақстан Қылмыстық кодексінің 291-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ұрлау) бойынша тергеліп жатыр. Бұл бап бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.