https://sputnik.kz/20220223/almaty-mereke-komek-23015169.html
Алматылықтарға 2022 жылы қай мерекеде қаржылай көмек көрсетіледі
Алматылықтарға 2022 жылы қай мерекеде қаржылай көмек көрсетіледі
Sputnik Қазақстан
Қаланың кей тұрғынына Жеңіс күні мен тәуелсіздік күнінде қаржылай көмек көрсетіледі 23.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-23T08:41+0500
2022-02-23T08:41+0500
2022-02-23T08:42+0500
өңірлер
алматы
төлем
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893728_0:0:2560:1440_1920x0_80_0_0_4e0a45f1630fd79b2d01f6f9d450cfc1.jpg
АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. Алматы тұрғындарының кейбір санатына 2022 жылы атаулы және мереке күндері қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасы хабарлады. 9 мамыр – Жеңіс күніне орай төлем алатын тұрғындар: Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне (олардың мәртебесі "ардагерлер туралы" заңмен белгіленеді) – 500 мың теңге; ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, сондай-ақ басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге – 100 мың теңге; Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің жесірлеріне беріледі. Бұл жағдайда қайтадан отбасы құрмаған әйелдер жесір деп саналады. Оларға 100 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді; Ауғанстанда немесе басқа мемлекеттерде соғысқан әскери қызметшілердің ата-аналары мен жесірлеріне 100 мың теңге. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай Алматыда 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысып, кейін ақталғандарға төлем жасалады. Оларға 150 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Басқа мерекелер Сондай-ақ келесі мерекелерге 1 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек қарастырылған: Жаңа жыл – 1-2 қаңтар; 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні; Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз; 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі; Астана күні – 6 шілде; Конституция күні – 30 тамыз; Қазақстанның Тұңғыш президенті күні – желтоқсан. Бұл көмек тұрғын үйге мұқтаж көп балалы отбасылар ғана көрсетіледі. Бөлінетін сома тұрғын үй сатып алуға арналған, оны "Отбасы банкінің" шотына аударады.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893728_320:0:2240:1440_1920x0_80_0_0_96ca798226e0d3a4e4e96593d151facf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, төлем
Алматылықтарға 2022 жылы қай мерекеде қаржылай көмек көрсетіледі
08:41 23.02.2022 (жаңартылды: 08:42 23.02.2022) Қаланың кей тұрғынына Жеңіс күні мен тәуелсіздік күнінде қаржылай көмек көрсетіледі
АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. Алматы тұрғындарының кейбір санатына 2022 жылы атаулы және мереке күндері қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл туралы
Sputnik Қазақстан тілшісіне Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасы хабарлады.
9 мамыр – Жеңіс күніне орай төлем алатын тұрғындар:
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне (олардың мәртебесі "ардагерлер туралы" заңмен белгіленеді) – 500 мың теңге;
ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, сондай-ақ басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге – 100 мың теңге;
Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің жесірлеріне беріледі. Бұл жағдайда қайтадан отбасы құрмаған әйелдер жесір деп саналады.
Оларға 100 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді; Ауғанстанда немесе басқа мемлекеттерде соғысқан әскери қызметшілердің ата-аналары мен жесірлеріне 100 мың теңге.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай Алматыда 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысып, кейін ақталғандарға төлем жасалады. Оларға 150 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Сондай-ақ келесі мерекелерге 1 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек қарастырылған:
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз;
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
Конституция күні – 30 тамыз;
Қазақстанның Тұңғыш президенті күні – желтоқсан.
Бұл көмек тұрғын үйге мұқтаж көп балалы отбасылар ғана көрсетіледі.
Бөлінетін сома тұрғын үй сатып алуға арналған, оны "Отбасы банкінің" шотына аударады.