https://sputnik.kz/20220222/zhahandyq-yadrolyq-sogys-qaupi-23003347.html
Ресейлік сарапшы: жаһандық ядролық соғыс қаупі туындады
Ресейлік сарапшы: жаһандық ядролық соғыс қаупі туындады
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның ядролық қаруды таратпауды қарастыратын Будапешт келісімінен шығу ықтималдылығы туралы мәлімдеме... 22.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-22T22:00+0500
2022-02-22T22:00+0500
2022-02-22T22:00+0500
әлем
сарапшы
https://sputnik.kz/img/07e5/01/13/16069003_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_9f278ac010f11f063fd6d10145809a3a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан — Sputnik. Геоэнергетика.ru сараптамалық онлайн-журналының бас редакторы Борис Марцинкевич "Sputnik на русском" Youtube-арнасына берген сұхбатта Владимир Зеленскийдің Будапешт меморандумынан шығу туралы мәлімдемесіне не себеп болғаны туралы айтты.Украина президенті Владимир Зеленский Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында Украинаның ядролық қаруды таратпау жөніндегі Будапешт келісімінен шығу мүмкіндігі туралы мәлімдеме жасады. Бұл шындық па, әлде жай қорқыту ма? Борис Марцинкевичпен сұхбат барысында осы мәселе талқыланды."Владимир Зеленскийдің сөздерін мемлекет басшысының ресми мәлімдемесі ретінде қарастырсақ, онда бұл Украинаның ядролық қаруды таратпау туралы келісімнен шығуға ниеті бар екенін көрсетеді. Яғни, әлемдік аренада бұл шартқа қосылмаған үш мемлекет – КХДР, Пәкістан және Үндістан секілді мәртебеге көшу. Бұл халықаралық қауымдастықтың тарапынан тиісті санкциялар қарастырылуын білдіреді", - деді Марцинкевич.Оның айтуынша, бұл жоспарды жүзеге асыру соншалық оңай болмайды. Ядролық қару әзірлеу үшін иелігінде қару плутонийі немесе жиілігі 90%-тен кем түспейтін U-235 изотоппен байытылған уран болуы керек. "Бұл технологиялар бүгінде Украинада жоқ. Осы технологиялық кедергіні қалай жоюға болады? Оның екі нұсқасы бар. Қолда бар ақпаратқа сенсек, КХДР-де ядролық қару плутонийді уран-графитті реакторда пайдалану есебінен құрылған. Украинада уран-графитті реактор жоқ. Чернобыль АЭС-тегі мұндай реакторлар толығымен тоқтатылған. Оны қалпына келтіру ұзақ уақытты қажет етеді", - деді сарапшы. Марцинкевич Украинада ядролық қару дайындауға арналған өз технологиясы да жоқ екенін айтты. Сондықтан бұл мәселеде Ресеймен немесе КХДР-мен ынтымақтастық орнатуға тура келеді. Бірінші нұсқаның орындалуы екіталай болса, екіншісі МАГАТЭ-мен арада дау туындауға алып келеді."Тағы бір нұсқа бар – Иранда проблема тудырған газ центрифугаларын Украина басқаруына беру үшін Иран Ислам Республикасымен технологияны табыстау туралы келісімге қол қою", - деген Марцинкевич бұдан басқа амал көріп отырмағанын айтты. Дегенмен, Украинаның ядролық бағдарламасы миллиардтаған инвестициялар мен өте ұзақ уақытты қажет ететінін де ескеру керек. Пәкістан мен Үндістан бұл жоспарды жүзеге асыруға 15 жылдан астам уақыт жұмсады. Марцинкевичтің айтуынша, өңделген ядролық отыннан "нашар бомба" дайындайтын болса, онда Украина алдымен МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты доғарып, өз заңнамасын өзгертуі керек."Өңделмеген сәулеленген ядролық отын қолданылады. Ең дұрысы – ешқандай салқындатуды күтпей-ақ, реактордың белсенді аумағынан шыққаннан кейін алу керек. Содан кейін белгілі бір оқ заряды толтырылады", - деді сарапшы.Марцинкевич теория жүзінде қарапайым артиллериялық снарядтарды да оқтауға болатынын атап өтті. Украина кезінде Германия мен Түркия секілді АҚШ-тың ядролық қаруын өз аумағына орналастыра алады. Алайда Владимир Зеленский бұл туралы әзірше сөз қозғамады.
https://sputnik.kz/20220222/resey-yadrolyq-kushterdin-manevri-22990381.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/13/16069003_172:0:2901:2047_1920x0_80_0_0_f2e708dff174c4fc2b19ca3304fa9b49.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сарапшы
Ресейлік сарапшы: жаһандық ядролық соғыс қаупі туындады
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның ядролық қаруды таратпауды қарастыратын Будапешт келісімінен шығу ықтималдылығы туралы мәлімдеме жасады
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан — Sputnik. Геоэнергетика.ru сараптамалық онлайн-журналының бас редакторы Борис Марцинкевич
"Sputnik на русском" Youtube-арнасына берген сұхбатта Владимир Зеленскийдің Будапешт меморандумынан шығу туралы мәлімдемесіне не себеп болғаны туралы айтты.
Украина президенті Владимир Зеленский Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында Украинаның ядролық қаруды таратпау жөніндегі Будапешт келісімінен шығу мүмкіндігі туралы мәлімдеме жасады. Бұл шындық па, әлде жай қорқыту ма? Борис Марцинкевичпен сұхбат барысында осы мәселе талқыланды.
"Владимир Зеленскийдің сөздерін мемлекет басшысының ресми мәлімдемесі ретінде қарастырсақ, онда бұл Украинаның ядролық қаруды таратпау туралы келісімнен шығуға ниеті бар екенін көрсетеді. Яғни, әлемдік аренада бұл шартқа қосылмаған үш мемлекет – КХДР, Пәкістан және Үндістан секілді мәртебеге көшу. Бұл халықаралық қауымдастықтың тарапынан тиісті санкциялар қарастырылуын білдіреді", - деді Марцинкевич.
Оның айтуынша, бұл жоспарды жүзеге асыру соншалық оңай болмайды. Ядролық қару әзірлеу үшін иелігінде қару плутонийі немесе жиілігі 90%-тен кем түспейтін U-235 изотоппен байытылған уран болуы керек.
"Бұл технологиялар бүгінде Украинада жоқ. Осы технологиялық кедергіні қалай жоюға болады? Оның екі нұсқасы бар. Қолда бар ақпаратқа сенсек, КХДР-де ядролық қару плутонийді уран-графитті реакторда пайдалану есебінен құрылған. Украинада уран-графитті реактор жоқ. Чернобыль АЭС-тегі мұндай реакторлар толығымен тоқтатылған. Оны қалпына келтіру ұзақ уақытты қажет етеді", - деді сарапшы.
Марцинкевич Украинада ядролық қару дайындауға арналған өз технологиясы да жоқ екенін айтты. Сондықтан бұл мәселеде Ресеймен немесе КХДР-мен ынтымақтастық орнатуға тура келеді. Бірінші нұсқаның орындалуы екіталай болса, екіншісі МАГАТЭ-мен арада дау туындауға алып келеді.
"Тағы бір нұсқа бар – Иранда проблема тудырған газ центрифугаларын Украина басқаруына беру үшін Иран Ислам Республикасымен технологияны табыстау туралы келісімге қол қою", - деген Марцинкевич бұдан басқа амал көріп отырмағанын айтты.
Дегенмен, Украинаның ядролық бағдарламасы миллиардтаған инвестициялар мен өте ұзақ уақытты қажет ететінін де ескеру керек. Пәкістан мен Үндістан бұл жоспарды жүзеге асыруға 15 жылдан астам уақыт жұмсады.
Марцинкевичтің айтуынша, өңделген ядролық отыннан "нашар бомба" дайындайтын болса, онда Украина алдымен МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты доғарып, өз заңнамасын өзгертуі керек.
"Өңделмеген сәулеленген ядролық отын қолданылады. Ең дұрысы – ешқандай салқындатуды күтпей-ақ, реактордың белсенді аумағынан шыққаннан кейін алу керек. Содан кейін белгілі бір оқ заряды толтырылады", - деді сарапшы.
Марцинкевич теория жүзінде қарапайым артиллериялық снарядтарды да оқтауға болатынын атап өтті.
"Қалай болғанда да, Украина мәлімдемесі жаһандық ядролық соғыстың басталуына қарай жасалған кезекті қадам болып отыр", - деді сарапшы.
Украина кезінде Германия мен Түркия секілді АҚШ-тың ядролық қаруын өз аумағына орналастыра алады. Алайда Владимир Зеленский бұл туралы әзірше сөз қозғамады.