https://sputnik.kz/20220222/toqaev-reformalar-mindet-23011303.html
Тоқаев: реформалардың міндеті әлемдік рейтингтен орын алу емес, халықтың табысын арттыру
Тоқаев: реформалардың міндеті әлемдік рейтингтен орын алу емес, халықтың табысын арттыру
Sputnik Қазақстан
Президенттің пікірінше, қаңтардағы қайғылы жағдайларға қарамастан, елдің саяси және экономикалық жүйесі беріктігін көрсетті 22.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-22T20:45+0500
2022-02-22T20:45+0500
2022-02-22T20:48+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/02/16/23001916_0:0:3387:1905_1920x0_80_0_0_0224f3ace4b8f12d3f152bc1667d6197.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысып, елімізді одан әрі трансформациялау жөніндегі ойын ортаға салды, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев заң үстемдігі мен оның тең дәрежеде қолданылуы жаңа бағдардың сөзсіз негізі болатынын атап өтті.Қасым-Жомарт Тоқаев барлық халықаралық рейтинг агенттіктері еліміздің инвестициялық ахуалы сенімді екенін тұрақты түрде растайтынын атап өтті. Президенттің пікірінше, қаңтар оқиғасындағы қайғылы жағдайларға қарамастан, елдің саяси және экономикалық жүйесі беріктігін көрсетті."Барлық деректің жуырда ресми жариялануы біздің бүкіл іс-әрекетіміздің толық ақталғанын және тек еліміздің тұтастығын сақтауға, азаматтарымыздың өмірі мен бизнесіміздің мүлкін қорғауға бағытталғанын айқын дәлелдейтініне сенімдімін. Қазақстанда ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан еліміздің достары – сіздерге бұл белгілі деп ойлаймын. Сол күндердің шынайы картинасы туралы ақиқат аса маңызды", – деді мемлекет басшысы.Президент кеңес мүшелерінің ұсыныстары Қазақстанға және жүзеге асырылып жатқан реформаларға лайықты қолдау болатынын атап өтті. "Сіздерді елімізде реформалардың шынайы түрде жүргізілуіне, экономикалық еркіндік болуына отандық кәсіпкерлермен бірдей мүдделі деп есептеймін. Сондықтан елімізді экономикалық тұрғыдан трансформациялауға және жаңартуға баршаңызды белсене атсалысуға шақырамын. Өзара ынтымақтастықтың жаңа, неғұрлым әділ және тиімді тәртібін, ашық әрі тұрақты реттеу мәселесін бірлесе жүйелей отырып, біз, шын мәнінде, тартымды инвестициялық ахуал қалыптастыра аламыз. Бұл – біздің ортақ мүддеміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Қазақстан президенті бәсекелестікті дамыту, сыбайлас жемқорлықты жою, тиімді мемлекеттік басқаруды құру және сапалы адами капитал қалыптастыру көздеген мақсатқа жеткізетін жол деп атап өтті. Осыған орай мемлекет басшысы бірқатар өзекті міндетке назар аударды.Атап айтқанда, Мемлекет басшысы әділ әрі бейтарап сот жүйесі ғана қуатты экономика мен лайықты бизнес-климат құрудың негізі екеніне тоқталды. Оның пікірінше, инвесторлардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғаудың басты кепілі дәл осы болуға тиіс. Мемлекет басшысы инвестициялық дауларды шешу бойынша Астана халықаралық қаржы орталығы мен Халықаралық арбитраж орталығының әлеуетін толық пайдалануға шақырды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/16/23001916_322:0:3053:2048_1920x0_80_0_0_d21ed0604d4879195f47bfbf7911f3c6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев: реформалардың міндеті әлемдік рейтингтен орын алу емес, халықтың табысын арттыру
20:45 22.02.2022 (жаңартылды: 20:48 22.02.2022) Президенттің пікірінше, қаңтардағы қайғылы жағдайларға қарамастан, елдің саяси және экономикалық жүйесі беріктігін көрсетті
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысып, елімізді одан әрі трансформациялау жөніндегі ойын ортаға салды, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев заң үстемдігі мен оның тең дәрежеде қолданылуы жаңа бағдардың сөзсіз негізі болатынын атап өтті.
"Бұдан былай экономикалық реформалардың басты міндеті – ішкі жалпы өнім өсімінің абстрактілі сандары мен әлемдік рейтингтерден орын алу емес, халқымыздың табысы мен тұрмыс сапасын арттыру. Әрине, бұл мақсатқа кәсіпкерлердің жаңа шоғырын қалыптастырмай, жоғары сапалы инвестиция тартпай қол жеткізу мүмкін емес. Фаворитизмді, элитаның ерекше мүдделері мен артықшылықтарын, сыбайлас жемқорлық пен олигополияны жоямыз деп, халық пен адал бизнеске берген уәдеміз толықтай орындалады", – деді Қазақстан президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев барлық халықаралық рейтинг агенттіктері еліміздің инвестициялық ахуалы сенімді екенін тұрақты түрде растайтынын атап өтті.
Президенттің пікірінше, қаңтар оқиғасындағы қайғылы жағдайларға қарамастан, елдің саяси және экономикалық жүйесі беріктігін көрсетті.
"Барлық деректің жуырда ресми жариялануы біздің бүкіл іс-әрекетіміздің толық ақталғанын және тек еліміздің тұтастығын сақтауға, азаматтарымыздың өмірі мен бизнесіміздің мүлкін қорғауға бағытталғанын айқын дәлелдейтініне сенімдімін. Қазақстанда ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан еліміздің достары – сіздерге бұл белгілі деп ойлаймын. Сол күндердің шынайы картинасы туралы ақиқат аса маңызды", – деді мемлекет басшысы.
Президент кеңес мүшелерінің ұсыныстары Қазақстанға және жүзеге асырылып жатқан реформаларға лайықты қолдау болатынын атап өтті.
"Сіздерді елімізде реформалардың шынайы түрде жүргізілуіне, экономикалық еркіндік болуына отандық кәсіпкерлермен бірдей мүдделі деп есептеймін. Сондықтан елімізді экономикалық тұрғыдан трансформациялауға және жаңартуға баршаңызды белсене атсалысуға шақырамын. Өзара ынтымақтастықтың жаңа, неғұрлым әділ және тиімді тәртібін, ашық әрі тұрақты реттеу мәселесін бірлесе жүйелей отырып, біз, шын мәнінде, тартымды инвестициялық ахуал қалыптастыра аламыз. Бұл – біздің ортақ мүддеміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан президенті бәсекелестікті дамыту, сыбайлас жемқорлықты жою, тиімді мемлекеттік басқаруды құру және сапалы адами капитал қалыптастыру көздеген мақсатқа жеткізетін жол деп атап өтті.
Осыған орай мемлекет басшысы бірқатар өзекті міндетке назар аударды.Атап айтқанда, Мемлекет басшысы әділ әрі бейтарап сот жүйесі ғана қуатты экономика мен лайықты бизнес-климат құрудың негізі екеніне тоқталды.
Оның пікірінше, инвесторлардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғаудың басты кепілі дәл осы болуға тиіс. Мемлекет басшысы инвестициялық дауларды шешу бойынша Астана халықаралық қаржы орталығы мен Халықаралық арбитраж орталығының әлеуетін толық пайдалануға шақырды