https://sputnik.kz/20220222/togzhanov-pfizer-vaktsina-22996213.html
"Өзімізді қашан сыйлаймыз?": Тоғжанов Pfizer-ді іздеп жүргендерге ренжіді
"Өзімізді қашан сыйлаймыз?": Тоғжанов Pfizer-ді іздеп жүргендерге ренжіді
Sputnik Қазақстан
Премьер-министрдің орынбасары қазақстандық вакцинаның барлық құжаты бар екенін және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тиісті есебін қабылдағанын еске салды 22.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-22T13:57+0500
2022-02-22T13:57+0500
2022-02-22T13:59+0500
вакцина
коронавирус
https://sputnik.kz/img/07e5/07/0f/17616285_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_e41a6de57e6958c362d63632b351748a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарды отандық вакцинаны қолдауға үндеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Короновирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы қазақстандық вакцинаның барлық құжаты бар екенін және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тиісті есебін қабылдағанын еске салды. Оның айтуынша, қазір бір ғана процедура қалған. Содан кейін қазақстандық вакцина барлығымен бір деңгейде тұрады."Қазір Pfizer-ді салдыра алатын адамдардың санатын анықтадық. Ал бәріне салдыратын болсақ, өз вакцинамызды не үшін шығарып отырмыз? Онда ештеңе шығармай-ақ қояйық, бәрін сырттан сатып алайық. Өзімізді қашан сыйлаймыз? Қашан өзімізді көтереміз? Қашан намысымызды өзіміз қорғаймыз? Жоқ, бәріміз Pfizer-ді іздейміз", - деп ренжіді Тоғжанов.Осы орайда вице-премьер қандай екпемен ревакцинация жасайтынын да айтты."Мен әлі салдырған жоқпын. Жақында қаңтар айында ауырдық. Енді алты айдай өтуі керек. Сол кезде салдырамыз. QazVac-ты алу керек ", - дейді Тоғжанов.
https://sputnik.kz/20220222/koronavirus-karantin-22995238.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/0f/17616285_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_87707a4e8b4cb5870b0fe1fbb3654c89.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
вакцина, коронавирус
"Өзімізді қашан сыйлаймыз?": Тоғжанов Pfizer-ді іздеп жүргендерге ренжіді
13:57 22.02.2022 (жаңартылды: 13:59 22.02.2022) Премьер-министрдің орынбасары қазақстандық вакцинаның барлық құжаты бар екенін және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тиісті есебін қабылдағанын еске салды
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарды отандық вакцинаны қолдауға үндеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазақта "Көршінің тауығы семіз көрінеді" деген жақсы сөз бар. "Қолда барда алтынның қадірі жоқ", өз вакцинамыз да керемет қой. Өзім салдырып алдым. QazVac-тың тиімділігі – 86 процент. Соны неге пайдаланбаймыз? Неге біреудің дүниесіне жабысамыз?", - деді Тоғжанов журналистерге берген сұхбатында.
Короновирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы қазақстандық вакцинаның барлық құжаты бар екенін және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тиісті есебін қабылдағанын еске салды. Оның айтуынша, қазір бір ғана процедура қалған. Содан кейін қазақстандық вакцина барлығымен бір деңгейде тұрады.
"Қазір Pfizer-ді салдыра алатын адамдардың санатын анықтадық. Ал бәріне салдыратын болсақ, өз вакцинамызды не үшін шығарып отырмыз? Онда ештеңе шығармай-ақ қояйық, бәрін сырттан сатып алайық. Өзімізді қашан сыйлаймыз? Қашан өзімізді көтереміз? Қашан намысымызды өзіміз қорғаймыз? Жоқ, бәріміз Pfizer-ді іздейміз", - деп ренжіді Тоғжанов.
Осы орайда вице-премьер қандай екпемен ревакцинация жасайтынын да айтты.
"Мен әлі салдырған жоқпын. Жақында қаңтар айында ауырдық. Енді алты айдай өтуі керек. Сол кезде салдырамыз. QazVac-ты алу керек ", - дейді Тоғжанов.