https://sputnik.kz/20220222/qazaqstan-donbass-asker-22987949.html
Қазақстан Донбасқа әскер жібермейді
Қазақстан Донбасқа әскер жібермейді
Sputnik Қазақстан
Донецк пен Луганск халық республикалары ҰҚШҰ блогына кірмейді, деп мәлімдеді Мұхтар Тілеуберді 22.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-22T10:56+0500
2022-02-22T10:56+0500
2022-02-22T10:57+0500
қазақстан
әскерилер
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_5cd43247a8f2d7461b008a0df7eb73c7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан ҰҚШҰ блогы құрамындағы әскерлерін Донбасқа жібермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Бұл мүмкін емес. Сіздер білетіндей, ҰҚШҰ жарғысы әскери немесе бітімгерлік күштерді қолдануды қатаң шектейді. Оларды тек ҰҚШҰ кеңістігінде ғана қолдануға болады", - деді министр үкімет кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.ҰҚШҰ блогының әскерді қандай миссия болмасын Донбасқа жіберуге құқығы жоқ. Өйткені Донецк пен Луганск халық республикалары ҰҚШҰ блогына кірмейді.Тілеуберді Ресей президенті ДХР және ЛХР тәуелсіздігін мойындау туралы жарлыққа неліктен қол қойғанын түсіндірді.Екіншіден, норманд форматының қатысушылары Минск келісімін іске асыру жолдары бойынша түсіністікке қол жеткізе алмады.Үшінші себеп – біз ДХР мен ЛХР-дағы гуманитарлық дағдарыс жайлы сөз етіп отырмыз. Қазір бұл республикалардан Ресейге қарай босқындар ағылуда", - деді Қазақстан СІМ басшысы.Қазақстан ДХР және ЛХР-ды мойындай маҚазақстан әзірге Донецк және Луганск халық республикаларын мойындау мәселесі бойынша ресми шешім қабылдаған жоқ. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Алайда министр Қазақстан бұл республикаларды мойындамайтынын жеткізді."Қазақстанның Донецк және Луганск халық республикаларын мойындауы туралы мәселе тұрған жоқ. Біз халықаралық құқық негіздері мен БҰҰ ұстанымдарын ұстанамыз", - деді министр.Донбастағы шиеленіс21 ақпан кешке Ресей президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларын мойындау туралы жарлыққа қол қойды. Өзін-өзі жариялаған мемлекеттердің басшыларымен достық және өзара көмек, соның ішінде әскери жәрдем жайлы келісімшарт бекітілді.Бұған Донбастағы жағдайдың шиеленісуі себеп болды. ДХР және ЛХР әйелдерді, қарттар мен балаларды Ресейге жаппай эвакуациялау, сондай-ақ 18 жастан 55 жасқа дейінгі ер адамдарды мобилизациялау жоспарын жариялады.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1440:1080_1920x0_80_0_0_49319bd903bcde33ba75b2d029dd9d34.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, әскерилер
Қазақстан Донбасқа әскер жібермейді
10:56 22.02.2022 (жаңартылды: 10:57 22.02.2022) Донецк пен Луганск халық республикалары ҰҚШҰ блогына кірмейді, деп мәлімдеді Мұхтар Тілеуберді
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан ҰҚШҰ блогы құрамындағы әскерлерін Донбасқа жібермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бұл мүмкін емес. Сіздер білетіндей, ҰҚШҰ жарғысы әскери немесе бітімгерлік күштерді қолдануды қатаң шектейді. Оларды тек ҰҚШҰ кеңістігінде ғана қолдануға болады", - деді министр үкімет кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.
ҰҚШҰ блогының әскерді қандай миссия болмасын Донбасқа жіберуге құқығы жоқ. Өйткені Донецк пен Луганск халық республикалары ҰҚШҰ блогына кірмейді.
Тілеуберді Ресей президенті ДХР және ЛХР тәуелсіздігін мойындау туралы жарлыққа неліктен қол қойғанын түсіндірді.
"Біріншіден, Батыс пен Ресей арасында қауіпсіздік жүйесіне қатысты уағдаластық жоқ. Сіздер білесіздер, ресейлік тарап Ресей мен АҚШ арсындағы келісім жобаларын, сондай-ақ Ресей мен НАТО арасындағы келісім жобасын жолдады. Бірақ қазіргі таңда бұл келісімдер бойынша түсіністікке қол жеткізілген жоқ.
Екіншіден, норманд форматының қатысушылары Минск келісімін іске асыру жолдары бойынша түсіністікке қол жеткізе алмады.
Үшінші себеп – біз ДХР мен ЛХР-дағы гуманитарлық дағдарыс жайлы сөз етіп отырмыз. Қазір бұл республикалардан Ресейге қарай босқындар ағылуда", - деді Қазақстан СІМ басшысы.
Қазақстан ДХР және ЛХР-ды мойындай ма
Қазақстан әзірге Донецк және Луганск халық республикаларын мойындау мәселесі бойынша ресми шешім қабылдаған жоқ. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Алайда министр Қазақстан бұл республикаларды мойындамайтынын жеткізді.
"Қазақстанның Донецк және Луганск халық республикаларын мойындауы туралы мәселе тұрған жоқ. Біз халықаралық құқық негіздері мен БҰҰ ұстанымдарын ұстанамыз", - деді министр.
21 ақпан кешке Ресей президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларын мойындау туралы жарлыққа қол қойды. Өзін-өзі жариялаған мемлекеттердің басшыларымен достық және өзара көмек, соның ішінде әскери жәрдем жайлы келісімшарт бекітілді.
Бұған Донбастағы жағдайдың шиеленісуі себеп болды. ДХР және ЛХР әйелдерді, қарттар мен балаларды Ресейге жаппай эвакуациялау, сондай-ақ 18 жастан 55 жасқа дейінгі ер адамдарды мобилизациялау жоспарын жариялады.