https://sputnik.kz/20220222/premer-zhurnalister-sheneunikter-22980863.html
Премьер-министр журналистер сұрағына жауап бере алмайтын шенеуніктерді сынады
Премьер-министр журналистер сұрағына жауап бере алмайтын шенеуніктерді сынады
Sputnik Қазақстан
Смайылов үкімет мүшелері журналистермен тығыз байланыста болуы қажет екенін айтты 22.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-22T08:40+0500
2022-02-22T08:40+0500
2023-08-09T12:30+0500
қоғам
премьер-министр
журналист
шенеунік
https://sputnik.kz/img/1263/77/12637783_0:27:3445:1964_1920x0_80_0_0_c4c3a2dc175a81af7d5feca018840249.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет мүшелеріне қоғамға ашық болуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Үкімет басшысы өткен аптада денсаулық сақтау министрі орынбасарының қатысуымен брифинг өткенін еске салды. Шара барысында вице-министр БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап бере алмаған.Премьер әрбір қабылданған шешімді дұрыс түсіндіру, қоғаммен ақылдаса отырып қабылдау – үкіметтің негізгі міндеті екенін атап өтті.Денсаулық вице-министрінің жауабыБұған дейін журналистер денсаулық вице-министріне "Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия азаматтары Pfizer-ді ақылы түрде салдыра алады, ал қазақстандықтар үшін бұл неге қолжетімді емес" деген сауал қойды. Жандос Бүркітбаев осы мәселені түсіндіруге тырысты.Оның айтуынша, Pfizer компаниясы ақылы вакцинация кезінде вакцинаны алып сату жайттары болады деп есептейді. Сондықтан компания мен Қазақстан арасындағы келісімшартта ақылы вакцинацияға тыйым салынған.Журналистер денсаулық сақтау министрлігінің өкілінен компания Қазақстанға неліктен мұндай ерекше талап қойып отырғанын нақтылады. Өйткені басқа елдерде бұл марканың вакцинасы ақылы түрде де салынады.Жандос Бүркітбаев бұл елдерге Pfizer гуманитарлық көмек аясында жеткізілгенін айтты. Вице-министр америкалық компаниядан жазбаша жауап алғаннан кейін вакцинаны Қазақстанда неге ақылы түрде салдыруға болмайтынын хабарлауға уәде берді.Айта кетері, Pfizer вакцинасы бүгінде 12 жастан 18 жасқа дейінгі жастарға, жүкті және бала емізетін әйелдерге егіледі. Бұған қоса, жуырда 60 жастан асқан егде азаматтарға да осы препаратты егу мүмкіндігі берілді.
https://sputnik.kz/20220216/mazhilistin-zhana-spikeri-zhurnalister-22842053.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1263/77/12637783_356:0:3087:2048_1920x0_80_0_0_29868a9f1a87cb25e06930ba65979d8b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов смаилов премьер-министр
әлихан смайылов смаилов премьер-министр
Премьер-министр журналистер сұрағына жауап бере алмайтын шенеуніктерді сынады
08:40 22.02.2022 (жаңартылды: 12:30 09.08.2023) Смайылов үкімет мүшелері журналистермен тығыз байланыста болуы қажет екенін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет мүшелеріне қоғамға ашық болуды тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет басшысы өткен аптада денсаулық сақтау министрі орынбасарының қатысуымен брифинг өткенін еске салды. Шара барысында вице-министр БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап бере алмаған.
"Денсаулық сақтау вице-министрінің журналистердің сұрақтарына нақты жауап бере алмағаны өкінішті. Ажар Ғиниятқызы (денсаулық сақтау министрі –
Sputnik), осыған назар аударуыңызды сұраймын. Мұндай жағдайлар үкіметтің жұмысына кері әсерін тигізеді. Үкімет мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырамын. Біз қоғамға ашық болуымыз қажет", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Әлихан Смайылов
ҚР премьер-министрі
Премьер әрбір қабылданған шешімді дұрыс түсіндіру, қоғаммен ақылдаса отырып қабылдау – үкіметтің негізгі міндеті екенін атап өтті.
Денсаулық вице-министрінің жауабы
Бұған дейін журналистер денсаулық вице-министріне "Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия азаматтары Pfizer-ді ақылы түрде салдыра алады, ал қазақстандықтар үшін бұл неге қолжетімді емес" деген сауал қойды. Жандос Бүркітбаев осы мәселені түсіндіруге тырысты.
Оның айтуынша, Pfizer компаниясы ақылы вакцинация кезінде вакцинаны алып сату жайттары болады деп есептейді. Сондықтан компания мен Қазақстан арасындағы келісімшартта ақылы вакцинацияға тыйым салынған.
Журналистер денсаулық сақтау министрлігінің өкілінен компания Қазақстанға неліктен мұндай ерекше талап қойып отырғанын нақтылады. Өйткені басқа елдерде бұл марканың вакцинасы ақылы түрде де салынады.
Жандос Бүркітбаев бұл елдерге Pfizer гуманитарлық көмек аясында жеткізілгенін айтты. Вице-министр америкалық компаниядан жазбаша жауап алғаннан кейін вакцинаны Қазақстанда неге ақылы түрде салдыруға болмайтынын хабарлауға уәде берді.
Айта кетері, Pfizer вакцинасы бүгінде 12 жастан 18 жасқа дейінгі жастарға, жүкті және бала емізетін әйелдерге егіледі. Бұған қоса, жуырда 60 жастан асқан егде азаматтарға да осы препаратты егу мүмкіндігі берілді.