Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Бұрынғы қорғаныс министрі қамауға алынды

© Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана Мұрат Бектанов
Мұрат Бектанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2022
Жазылу
Ол жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ешқандай шара қолданбағаны үшін айыпталып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов екі айға қамауға алынды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі растады.
"22 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.К.Бектановқа қатысты екі ай қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Өзге мәліметтер ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Кеше, 21 ақпан күні Бас прокуратура экс-министр Мұрат Бектановтың ұсталғанын хабарлады. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 452-бабы ("Биліктің әрекетсіздігі") фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 20 ақпанда Бектанов осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
19 қаңтарда Қазақстан президенті қорғаныс министрі қызметіне Руслан Жақсылықовты тағайындады. Мемлекет басшысы экс-министр Мұрат Бектанов қаңтар оқиғасы кезінде командирлік қабілетін көрсете алмағанын айтты. Сын-сағатта армияның әлеуетін пайдалана алмағандықтан, Тоқаев сырттан көмек шақыруға мәжбүр болған.
Жаңалықтар
0