https://sputnik.kz/20220222/bek-air-ushagy-apat-tergeu-22990025.html
Bek Air ұшағы құлады: апатқа қатысты тергеу екі жылдан соң бір-ақ аяқталды
Bek Air ұшағы құлады: апатқа қатысты тергеу екі жылдан соң бір-ақ аяқталды
Sputnik Қазақстан
2019 жылы 27 желтоқсанда Bek Air жолаушылар ұшағы Алматыдан ұшып шыққаннан кейін бірден құлаған болатын 22.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-22T11:27+0500
2022-02-22T11:27+0500
2022-02-22T11:27+0500
қоғам
bek air
ұшақ апаты
тергеу
https://sputnik.kz/img/1239/02/12390217_0:320:3072:2048_1920x0_80_0_0_108d18b4405d1ce8e4552e92924fd44d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Осыдан екі жыл бұрын Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағының апатына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында журналистер министрден Bek Air ұшағының құлауына қатысты тергеу қорытындысы қашан жарияланатынын сұрады."Bek Air-ге қатысты тексеру жұмыстары аяқталды. Қазір олар тізім дайындап жатыр. Жақын арада жарияланады", - деп жауап берді Өскенбаев.Алматы маңындағы ұшақ апаты 2019 жылы 27 желтоқсанда Bek Air жолаушылар ұшағы Алматыдан ұшып шыққаннан кейін бірден құлады. Ұшақ бетон қоршауға құлап, екі бөлікке бөлінді. Апат салдарынан 12 адам қаза болды. Экипаж командирі оқиға орнында көз жұмса, ауруханадан шыққаннан кейін екінші ұшқыш қайтыс болды. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. 2019 жылы 28 желтоқсанда Қазақстанда ұлттық аза тұту күні болды.
https://sputnik.kz/20200110/Bek-Air-ushqyshtar-angime-12510039.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1239/02/12390217_301:0:3032:2048_1920x0_80_0_0_abbb68bc612394727fdc9b0ad25e11c5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
bek air ұшақ апат самолет тергеу расследование
bek air ұшақ апат самолет тергеу расследование
Bek Air ұшағы құлады: апатқа қатысты тергеу екі жылдан соң бір-ақ аяқталды
2019 жылы 27 желтоқсанда Bek Air жолаушылар ұшағы Алматыдан ұшып шыққаннан кейін бірден құлаған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Осыдан екі жыл бұрын Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағының апатына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында журналистер министрден Bek Air ұшағының құлауына қатысты тергеу қорытындысы қашан жарияланатынын сұрады.
"Bek Air-ге қатысты тексеру жұмыстары аяқталды. Қазір олар тізім дайындап жатыр. Жақын арада жарияланады", - деп жауап берді Өскенбаев.
Алматы маңындағы ұшақ апаты
2019 жылы 27 желтоқсанда Bek Air жолаушылар ұшағы Алматыдан ұшып шыққаннан кейін бірден құлады. Ұшақ бетон қоршауға құлап, екі бөлікке бөлінді. Апат салдарынан 12 адам қаза болды. Экипаж командирі оқиға орнында көз жұмса, ауруханадан шыққаннан кейін екінші ұшқыш қайтыс болды.
Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. 2019 жылы 28 желтоқсанда Қазақстанда ұлттық аза тұту күні болды.