Өңірлер

Ақмола облысында майнинг фермасы анықталды – видео

© Photo : Pixabay / WorldSpectrumМайнинг
Майнинг - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2022
Жазылу
Ол деструктивті діни ағымның жақтаушыларына тиесілі
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Ақмола облысының Атбасар қаласында деструктивті діни ағымның жақтаушыларына тиесілі майнинг фермасы анықталды.
"Аумақты тінту кезінде криптовалютаны генерациялау үшін пайдаланылатын жабдық, 20 бірлік шифрлау кешені және видеокарталар табылды", -- делінген қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.
Оны Ақмола облысы бойынша қаржы мониторнигі агентігінің аумақтық департаменті мен ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері бірлесіп анықтаған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық майнингке салынатын салықты арттыруды тапсырды.
"Кейбір жасырын майнерлер халықтан да төмен тарифтерді төлеп отырады. Қазақстанға кіргізілетін қондырғылардың баждары мен салықтары төленбейді. Ал, ең бастысы, олар еліміздің ресурстарын барынша пайдаланып, оны басқа юрисдикцияларда ақшаға айналдырады. Қаржылық бақылау агентігінен осы жағдайды тәртіпке салуды сұраймын", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президенттің айтуынша, барлық майнингтік фермаларды анықтап, кедендік және салықтық құжаттарын тексеру керек. Тоқаев 15 наурызда осы бойынша есеп беруді тапсырды.
Жаңалықтар
0