Қоғам

Тоқаевтың швейцариялық банкте шоты бар ма – баспасөз хатшысы жауап берді

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2022
Жазылу
Берік Уәли мемлекет басшысына ақпараттық шабуыл жасалғанын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың офшорлық шоты мен шетелде жылжымайтын мүлкі жоқ. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ. Сондай-ақ президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған және шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ", - деп жазды ол Facebook-те.

Сондай-ақ ол Тоқаевтың бұрынғы жұбайының да ешқашан қаржылық шоты болмағанын атап өтті.
Ал президенттің 38 жастағы ұлы Тимур Тоқаев – кәсіпкер, ешқашан мемлекеттік қызметте істемеген.
"Өздеріңіз білесіздер, президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып келеді. Бұл мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараттық шабуылы деп ойлаймын", - деп мәлімдеді Уәли.
Касым-Жомарт Токаев дал интервью одному из казахстанских телеканалов - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2022
Қоғам
"Қажеттілігі шамалы": Тоқаев Тұңғыш президент туралы заңға қатысты ойын айтты
Жаңалықтар
0