https://sputnik.kz/20220221/tomiristi-almira-tursyn-din-22948245.html
"Саналы таңдауым": Томиристі сомдаған Альмира Тұрсын қай дінді ұстанатынын айтты
"Саналы таңдауым": Томиристі сомдаған Альмира Тұрсын қай дінді ұстанатынын айтты
Sputnik Қазақстан
Ол барлық дінге төзімділікпен қарайтынын және әр адамның таңдауын құрметтейтінін атап өтті
2022-02-21T08:29+0500
2022-02-21T08:29+0500
2022-02-22T15:04+0500
қоғам
томирис
ислам діні
альмира тұрсын
https://sputnik.kz/img/1162/27/11622772_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_f7a0d0ff96634a44b03039f6f1cbf9bf.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Қазақстандық актриса Альмира Тұрсын жеке парақшасының жазылушыларына ислам дінін ұстанбайтынын мәлімдеді.Бұған дейін актриса өгей әкесінің ұлты корей екенін айтқан еді. Осыдан кейін Альмира Тұрсынның жазылушылары өнер жұлдызы қандай дінді ұстанатынын және бұл мәселеде әкесінің ықпалы болды ма деп сұрады. 31 жастағы актриса өз дінін анасымен бірге өгей әкесі отбасына келмей тұрып таңдағанын мойындады.Сондай-ақ ол барлық дінге төзімділікпен қарайтынын және әр адамның таңдауын құрметтейтінін атап өтті.Бұдан бөлек, әлеуметтік желідегі жеке парақшасындағы "сұрақ-жауап" айдарында әртістен оның ұлты жайлы жиі сұрайды. Альмира Тұрсын қазақ екенін айтып, бірақ тұқымында татарлар мен еврейлер болғанын жасырмады. Сонымен қатар ол күйеуімен ажырасқанын және бір ұлы бар екенін мәлімдеді.Альмира Тұрсын қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың "Томирис" фильмінде сақ патшайымын сомдап, танымал болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1162/27/11622772_156:0:1596:1080_1920x0_80_0_0_5a2cc0683b01f655fbf5271dad97c440.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
альмира тұрсын томирис дін ислам
альмира тұрсын томирис дін ислам
"Саналы таңдауым": Томиристі сомдаған Альмира Тұрсын қай дінді ұстанатынын айтты
08:29 21.02.2022 (жаңартылды: 15:04 22.02.2022) Осыдан жиырма жыл бұрын Альмира Тұрсын анасымен бірге протестанттық бағыттағы христиандықты қабылдаған
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Қазақстандық актриса Альмира Тұрсын жеке парақшасының жазылушыларына ислам дінін ұстанбайтынын мәлімдеді.
Бұған дейін актриса өгей әкесінің ұлты корей екенін айтқан еді. Осыдан кейін Альмира Тұрсынның жазылушылары өнер жұлдызы қандай дінді ұстанатынын және бұл мәселеде әкесінің ықпалы болды ма деп сұрады. 31 жастағы актриса өз дінін анасымен бірге өгей әкесі отбасына келмей тұрып таңдағанын мойындады.
"Протестанттық бағыттағы христиан діні жүрегіме және жаныма жақын. Бұл менің жеке, саналы таңдауым", - деді актриса.
Сондай-ақ ол барлық дінге төзімділікпен қарайтынын және әр адамның таңдауын құрметтейтінін атап өтті.
Бұдан бөлек, әлеуметтік желідегі жеке парақшасындағы "сұрақ-жауап" айдарында әртістен оның ұлты жайлы жиі сұрайды. Альмира Тұрсын қазақ екенін айтып, бірақ тұқымында татарлар мен еврейлер болғанын жасырмады. Сонымен қатар ол күйеуімен ажырасқанын және бір ұлы бар екенін мәлімдеді.
Альмира Тұрсын қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың "Томирис" фильмінде сақ патшайымын сомдап, танымал болды.