Қордайдағы қақтығыс: төрт адамды өлтірген күдікті ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинМасаншы
Масаншы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Осыдан екі жыл бұрын Жамбыл облысы Қордай ауданында төрт адамды атып тастаған ер адам ұсталды. Ол халықаралық іздеуде болған. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Дәурен Қозыбақов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, қаскөй Алматы облысында қолға түсті.
"Алматы облысында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Ол 2020 жылы 7 ақпанда Қордай ауданы Масаншы ауылында бір топ адамның ішінде аңшы қаруымен төрт адамды атып тастады", - деді Қозыбақов ішкі істер министрлігінде өткен брифингте.
12 калибрлі МР-27ЕМ-1С" аңшы мылтығы тәркіленді.

Қордайдағы қақтығыс

2020 жылы 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы ауылында жаппай төбелес болып, соңы тәртіпсіздікке ұласты. Масаншы, Сортөбе, Ауқатты ауылы тұрғындарының баспанасы, дүкендер, дәмханалар мен көліктер отқа оранды.
Сол күні Қордай ауданының Қаракемер, Масаншы, Бұлар батыр ауылдарында 176 адам медициналық көмекке жүгінді, 41-і жатқызылды. Он бір адам көз жұмды.
Кордай год спустя - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2021
Қоғам
Қордай оқиғасына бір жыл: қазақ пен дүнген қоныстанған ауылдар қалай татуласты
Жаңалықтар
0