https://sputnik.kz/20220221/qazaqstannyn-buryngy-qorganys-ministri-ustaldy-22949132.html
Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі ұсталды
Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі ұсталды
Sputnik Қазақстан
Оған қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ешқандай әрекет жасамады деген айып тағылды 21.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-21T09:05+0500
2022-02-21T09:05+0500
2022-05-23T14:35+0500
қорғаныс министрлігі
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e5/08/02/17748638_0:0:3203:1802_1920x0_80_0_0_4800c7e2d0230fafcafe3ab66ac9b1f6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.20 ақпанда Бектанов осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.Айта кетері, 452-бап (Билiктiң әрекетсiздiгi, яғни бастықтың немесе лауазымды адамның өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында өзінің қызметтік міндеттерін орындамауы) бойынша 3 000 АЕК-ке (9 189 000 теңгеге) дейін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылады. Ал ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекет болса, төрт жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.19 қаңтарда Қазақстан президенті қорғаныс министрі қызметіне Руслан Жақсылықовты тағайындады. Мемлекет басшысы экс-министр Мұрат Бектанов қаңтар оқиғасы кезінде командирлік қабілетін көрсете алмағанын айтты. Сын-сағатта армияның әлеуетін пайдалана алмағандықтан, Тоқаев сырттан көмек шақыруға мәжбүр болған.
https://sputnik.kz/20220119/qorganys-ministri-tagayyndaldy-19174143.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/02/17748638_52:0:2783:2048_1920x0_80_0_0_5b1ab96f9cc0da63def2b7cfa235cad1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қорғаныс министрлігі
Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі ұсталды
09:05 21.02.2022 (жаңартылды: 14:35 23.05.2022) Оған қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ешқандай әрекет жасамады деген айып тағылды
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.
"19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 452-бабы ("Биліктің әрекетсіздігі"), әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады", - делінген хабарламада.
20 ақпанда Бектанов осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
Айта кетері, 452-бап (Билiктiң әрекетсiздiгi, яғни бастықтың немесе лауазымды адамның өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында өзінің қызметтік міндеттерін орындамауы) бойынша 3 000 АЕК-ке (9 189 000 теңгеге) дейін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылады. Ал ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекет болса, төрт жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
19 қаңтарда Қазақстан президенті қорғаныс министрі қызметіне Руслан Жақсылықовты тағайындады. Мемлекет басшысы экс-министр Мұрат Бектанов қаңтар оқиғасы кезінде командирлік қабілетін көрсете алмағанын айтты. Сын-сағатта армияның әлеуетін пайдалана алмағандықтан, Тоқаев сырттан көмек шақыруға мәжбүр болған.