https://sputnik.kz/20220221/qazaqstan-damu-bank-premer-ministr-22952048.html
Қазақстан даму банкінің қызметі өзгереді: премьер-министр кеңес өткізді
Қазақстан даму банкінің қызметі өзгереді: премьер-министр кеңес өткізді
Sputnik Қазақстан
Тоқаев Қазақстанның даму банкін сынға алып, "достарына жағдай жасайтын банк" деп атаған 21.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-21T10:14+0500
2022-02-21T10:14+0500
2022-02-21T10:14+0500
экономика
банк
премьер-министр
https://sputnik.kz/img/07e5/05/0b/17010814_0:38:3509:2011_1920x0_80_0_0_91d3ef26d923fd4f5f0188f348a4681d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ қызметін реформалау мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады үкіметтің ресми сайты.Реформалау жоспарына сәйкес, Қазақстанның даму банкі стратегиялық және экономикалық маңызы бар индустриялық өндірістерді қаржыландыруға басымдық береді.Ондай инвестициялық жобалар капиталды көп қажет етеді және өтелу мерзімі ұзақ болады. Айта кетері, қаңтар айында өткен мәжіліс отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның даму банкін сынға алып, "достарына жағдай жасайтын банк" деп атаған. "ҚДБ белгілі бір адамдарға қызмет көрсететін жеке меншік банкке айналды. Олар қаржы-өндірістік және құрылыс топтарынын атынан шығып жатады. Біз әрбіреуінің аты-жөнін білеміз. Олар жоғары кабинеттерге емін-еркін кіре аламтынын біледі. Осыны пайдаланып, өз жобаларын іске асыру үшін ерекше жеңілдіктерді алады. Дәл сол жобаларға мемлекеттің ресурстары да жұмсалады. Оны шағын және орта бизнеске салуға болатын еді", - деді Тоқаев.Президент Қазақстанның даму банкінің қызметін қайта қарап шығуды тапсырды. Үкімет мемлекеттік қолдау шараларының тәртібін өзгерту тиіс. Негізгі міндет – қыруар қаржының тиімділігі мен ашықтығы. Әсіресе, аймақтардағы шағын және орта бизнестің дамуына басымдық берілуі шарт. 16 ақпанда банктің жаңа басшысы тағайындалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/0b/17010814_388:0:3119:2048_1920x0_80_0_0_02150ee5a67eddbdcea82d4ad5946472.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банк, премьер-министр
Қазақстан даму банкінің қызметі өзгереді: премьер-министр кеңес өткізді
Тоқаев Қазақстанның даму банкін сынға алып, "достарына жағдай жасайтын банк" деп атаған
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ қызметін реформалау мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады үкіметтің ресми
сайты.
Реформалау жоспарына сәйкес, Қазақстанның даму банкі стратегиялық және экономикалық маңызы бар индустриялық өндірістерді қаржыландыруға басымдық береді.
Ондай инвестициялық жобалар капиталды көп қажет етеді және өтелу мерзімі ұзақ болады.
"Қазақстанның даму банкі жаңа өндіріс орындарын құру жобаларын қаржыландыруға маңыз беруі тиіс. Қызметтің ашықтығын арттыру, бизнес-процестерді оңтайландыру, цифрландыру мен банк қызметтерінің қолжетімділігін кеңейту жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажет", — деді Смайылов.
Айта кетері, қаңтар айында өткен мәжіліс отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның даму банкін
сынға алып, "достарына жағдай жасайтын банк" деп атаған.
"ҚДБ белгілі бір адамдарға қызмет көрсететін жеке меншік банкке айналды. Олар қаржы-өндірістік және құрылыс топтарынын атынан шығып жатады. Біз әрбіреуінің аты-жөнін білеміз. Олар жоғары кабинеттерге емін-еркін кіре аламтынын біледі. Осыны пайдаланып, өз жобаларын іске асыру үшін ерекше жеңілдіктерді алады. Дәл сол жобаларға мемлекеттің ресурстары да жұмсалады. Оны шағын және орта бизнеске салуға болатын еді", - деді Тоқаев.
Президент Қазақстанның даму банкінің қызметін қайта қарап шығуды тапсырды. Үкімет мемлекеттік қолдау шараларының тәртібін өзгерту тиіс. Негізгі міндет – қыруар қаржының тиімділігі мен ашықтығы.
Әсіресе, аймақтардағы шағын және орта бизнестің дамуына басымдық берілуі шарт. 16 ақпанда банктің жаңа басшысы
тағайындалды.