Аңдатпа

Қазақстанда 22 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевАстана көрінісі
Астана көрінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2022
Жазылу
Sputnik Қазақстан 22-26 ақпанда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

22 ақпанға жоспарланған іс-шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09:00 - Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде:
1.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай (Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният);
2.
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы (Төтенше жағдайлар министрі Ю. Ильин, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ. Өскенбаев);
3.
Кедендік әкімшілендіруді жетілдіру ( Қаржы министрі Е. Жамаубаев).
19.00 - " Сені сағындым..." спектаклі (NOMAD CITY HALL концерт залы, Мәңгілік Ел көш, 55/2, B2-3).
19.00 - "Смешные деньги" спектаклі (Горький атындағы театр, кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

АЛМАТЫ

11.00 - "Көліктер тартысы" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).
12.00 - "Тұрғын үй қорын басқару саласында заңнамалық жаңғырту қажеттілігі туралы" тақырыбында баспасөз конференциясы. Іс-шарада "SOS СК" қоғамдық бірлестігін (пәтер иелеріне қоғамдық көмек көрсету кеңесі) құру туралы бастама көтеріледі. Журналистерге пәтер иелеріне өз қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылауға, сондай - ақ басқару нысанын коммерциялық (ОСИ) және қоғамдық (ПИК) деп бөлуге мүмкіндік беретін "Менің үйім - Қазақстан" бағдарламасына "Мен - үй иесімін" тұжырымдамасы ұсынылады.
Баспасөз конференциясының спикерлері: Пермин Владимир "Жұмыс берушілердің құқықтарын қорғау ерікті қоғамы" ҚБ төрағасы, Своик Петр Владимирович, саяси және мемлекеттік қайраткер (онлайн), сондай-ақ пәтер иелері. Аккредитация бойынша: Әсел Берімжарова, 8 701 749 02 00, press@pressclub.kz.
Іс-шара тек офлайн форматта өтеді (58-үй, СӘТТІ, бірінші кіреберіс, екінші қабат)
18.30 - "Оян, қалыңдық" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).
19.00 - "Кухонный лифт" АФТЕРШОК жобасы (ARTиШОК театры, Кіші зал, Қонаев көшесі, 49).

23-26 ақпанға жоспарланған іс-шаралар

23-26 ақпан аралығында М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында "Премьералар апталығы" өтеді. Мәдени іс-шара 23 ақпан сағат 17.00-де баспасөз конференциясымен басталады. Баспасөз конференциясына М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, КСРО Халық артисі – А.Әшімов, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Е.Жуасбек, "Қан мен тер. Ақбала" трагедиясының қоюшы-режиссері – А.Оспанбаева, "Қытайдан жеткен сәлемдеме" драмасының қоюшы-режиссері – А.Қабдешова, "Мақшар түнгі махаббат" мистикалық драмасының қоюшы-режиссері – Ж.Жұманбай қатысады.
18.30 - қоюшы-режиссер А.Оспанбаеваның (авт. Ә.Нұрпейісов) "Қан мен тер. Ақбала" трагедиясы.
24 ақпан қоюшы-режиссер А.Қабдешованың "Қытайдан жеткен сәлемдеме" (авт. Р.Отарбаев) драмасы.
25 ақпан (бір кеште екі спектакль) қоюшы-режиссер Н.Қарабалинаның "Бейтаныс таныстар" (авт. А.Батырқызы) және қоюшы-режиссер Р.Жұрынбайдың "Қайдасың, мама?!" (авт. Ж.Бауыржанқызы) моноспектакльдері
26 ақпан қоюшы-режиссер Ж.Жұманбайдың "Мақшар түнгі махаббат" (авт. Д.Исабеков) мистикалық драмасының премьерасы.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауап бермейді.
Жаңалықтар
0