https://sputnik.kz/20220221/qaru-zharaq-oq-dari-22956826.html
Қару-жарақ пен оқ-дәріні заңсыз сақтаған 451 адам ұсталды
Қару-жарақ пен оқ-дәріні заңсыз сақтаған 451 адам ұсталды
Sputnik Қазақстан
Полиция қызметкерлері барлық өңірде "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасын өткізіп жатыр 21.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-21T11:35+0500
2022-02-21T11:35+0500
2022-02-21T11:35+0500
қоғам
қару-жарақ
https://sputnik.kz/img/149/39/1493980_0:0:963:541_1920x0_80_0_0_57269a6340399dc96091107ab890c810.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Дәурен Қозыбақов "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы аясында азаматтардан қанша қару тәркіленгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Қару мен оқ-дәріні заңсыз сақтағаны және өзімен бірге алып жүргені үшін 451 адам ұсталды. 774 бірлік атыс қаруы, 7 737 дана арнайы құрал мен оқ-дәрі тәркіленді", - деді Қозыбақов ішкі істер министрлігінде өткен брифингте. Мысалы, Алматы қаласында 1982 жылғы азамат жүргізген "Toyota Land Cruiser Prado" көлігі тоқтатылды. Салонда отырған 1976 жылғы жолаушыдан "МР-79-9ТМ" травматикалық тапанша, 1 оқжатар және 9 мм калибрлі 8 оқ табылды. Тапанша жауынгерлік оқтармен ату үшін қайта жасалған. Сондай-ақ Алматыда 1996 жылғы азамат қолға түсті. Ол сарайына 3 иір ойықты және 10 тегіс ұңғылы қару, пневматикалық винтовка мен тапанша, бұдан бөлек 5 резеңке таяқ, ағаш бита, радиостанция, сапер күрегі мен қару-жарақ дүкенінен ұрланған түрлі калибрлі мыңнан астам оқ-дәрі жасырған. Айта кетері, полиция қызметкерлері барлық өңірде "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасын өткізіп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/149/39/1493980_12:0:733:541_1920x0_80_0_0_ab33393459cb620ef431de39078919af.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қару-жарақ
Қару-жарақ пен оқ-дәріні заңсыз сақтаған 451 адам ұсталды
Полиция қызметкерлері барлық өңірде "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасын өткізіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Дәурен Қозыбақов "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы аясында азаматтардан қанша қару тәркіленгенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қару мен оқ-дәріні заңсыз сақтағаны және өзімен бірге алып жүргені үшін 451 адам ұсталды. 774 бірлік атыс қаруы, 7 737 дана арнайы құрал мен оқ-дәрі тәркіленді", - деді Қозыбақов ішкі істер министрлігінде өткен брифингте.
Мысалы, Алматы қаласында 1982 жылғы азамат жүргізген "Toyota Land Cruiser Prado" көлігі тоқтатылды. Салонда отырған 1976 жылғы жолаушыдан "МР-79-9ТМ" травматикалық тапанша, 1 оқжатар және 9 мм калибрлі 8 оқ табылды. Тапанша жауынгерлік оқтармен ату үшін қайта жасалған.
Сондай-ақ Алматыда 1996 жылғы азамат қолға түсті. Ол сарайына 3 иір ойықты және 10 тегіс ұңғылы қару, пневматикалық винтовка мен тапанша, бұдан бөлек 5 резеңке таяқ, ағаш бита, радиостанция, сапер күрегі мен қару-жарақ дүкенінен ұрланған түрлі калибрлі мыңнан астам оқ-дәрі жасырған.
Айта кетері, полиция қызметкерлері барлық өңірде "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасын өткізіп жатыр.