Қоғам

Премьер-министрдің кеңсесі оның сағаты қанша тұратынын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевПервый вице-премьер - министр финансов Алихан Смаилов
Первый вице-премьер - министр финансов Алихан Смаилов - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2022
Жазылу
Telegram-каналдардың бірі Әлихан Смайылов бағасы $5000-8000 аралығында тұратын Cartie Tank сағатын тағады деп жазған еді
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Үкімет басшысының кеңсесі Әлихан Смайылов тағып жүрген қол сағаттың бағасын жариялады.
Бұған дейін журналист Михаил Козачков премьер-министрдің фотосын жариялап, қолындағы сағаттың маркасы "Cartier Tank" деп жазған. Оның сөзіне қарағанда, ондай сағаттың бағасы 5 мың доллардан 8 мыңға дейін (от 2,1 - 3,4 млн теңге) барады.
Премьер-министрдің кеңсесі басшысының орынбасары Руслан Желдібайдың айтуынша, үкімет басшысы тағып жүрген сағаттың бағасы, шамамен, 164 мың теңгені құрайды.
"Кеше Telegram-каналдардың бірінде Әлихан Асқанұлы бағасы $5000-8000 аралығында тұратын Cartie Tank сағатын тағады деп жазыпты. Шынтуайтына келгенде, премьер-министрдің фотодағы сағатының моделі Jacques Lemans, бағасы шамамен $383 тұрады. Сөзім дәлелді болу үшін фотоларды да жүктеп отырмын", - деп жазды Желдібай.
Жаңалықтар
0