https://sputnik.kz/20220221/pfizer-saldyra-alatyn-adamdar-22968349.html
Pfizer салдыра алатын тұрғындар саны көбейді
Pfizer салдыра алатын тұрғындар саны көбейді
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда Pfizer бірнеше санаттағы адамдарға тегін салынады, компания вакцинаны ақылы түрде егуге рұқсат бермей отыр 21.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-21T16:45+0500
2022-02-21T16:45+0500
2022-02-21T16:52+0500
денсаулық
вакцина
тұрғындар
https://sputnik.kz/img/1251/11/12511103_0:0:2886:1623_1920x0_80_0_0_f8161835c486cccc7413d7881834de8f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ревакцинация кезінде Pfizer вакцинасын салдыра алатын адамдар санын біртіндеп арттыру туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бас кезінде Pfizer-ді жүкті және бала емізетін әйелдер, сондай-ақ, 12-18 жастағы балаларға салдыруға рұқсат берілген болатын. Кейін бұл тізімге 60 жастан асқан адамдар қосылды. Ал өткен аптада ведомствоаралық комиссия 50 жастан асқан және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға америкалық вакцинамен ревакцинация жасауға рұқсат берді.Есмағамбетованың айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі адамдардың ревакцинациядан өтуі мен ұжымдық иммунитетті барынша көтеруге мүдделі. Сол себепті Pfizer вакцинасын салдыра алатын адамдар санаттары біртіндеп артып келеді. Айта кетері, бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы ақылы түрде салынбайтынын айтқан. Себебі Pfizer ақылы вакциналауға рұқсат бермей отыр. Компания екпені алып сату жағдайлары көбейіп кетеді деп санайды. Сол себепті денсаулық сақтау министрлігі мен Pfizer компаниясы арасындағы келісімшарт бойынша жанама алып сатуға тыйым салынған.
https://sputnik.kz/20210826/kovid-er-adam-vaktsina-17957143.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1251/11/12511103_218:0:2382:1623_1920x0_80_0_0_e28e30da407d382f4b1678a3aa8bbf4f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
вакцина, тұрғындар
Pfizer салдыра алатын тұрғындар саны көбейді
16:45 21.02.2022 (жаңартылды: 16:52 21.02.2022) Қазақстанда Pfizer бірнеше санаттағы адамдарға тегін салынады, компания вакцинаны ақылы түрде егуге рұқсат бермей отыр
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ревакцинация кезінде Pfizer вакцинасын салдыра алатын адамдар санын біртіндеп арттыру туралы айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бас кезінде Pfizer-ді жүкті және бала емізетін әйелдер, сондай-ақ, 12-18 жастағы балаларға салдыруға рұқсат берілген болатын. Кейін бұл тізімге 60 жастан асқан адамдар қосылды. Ал өткен аптада ведомствоаралық комиссия 50 жастан асқан және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға америкалық вакцинамен ревакцинация жасауға рұқсат берді.
Есмағамбетованың айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі адамдардың ревакцинациядан өтуі мен ұжымдық иммунитетті барынша көтеруге мүдделі. Сол себепті Pfizer вакцинасын салдыра алатын адамдар санаттары біртіндеп артып келеді.
"Вакцинаны бұрын 60-тан асқандар алса, қазір елуден асқандар үшін де қолжетімді. Осы жұмыс елдегі эпидемиологиялық жағдайға қарай біртіндеп атқарылып жатыр", – деді Есмағамбетова шектеу шараларын жеңілдетуге арналған онлайн-лекторий кезінде.
Айта кетері, бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы ақылы түрде салынбайтынын айтқан. Себебі Pfizer ақылы вакциналауға рұқсат бермей отыр.
Компания екпені алып сату жағдайлары көбейіп кетеді деп санайды. Сол себепті денсаулық сақтау министрлігі мен Pfizer компаниясы арасындағы келісімшарт бойынша жанама алып сатуға тыйым салынған.