https://sputnik.kz/20220221/kopbalaly-ana-kredit-22949598.html
Көпбалалы ананы кредит үшін өлтірді – қылмыстың мән-жайы
Көпбалалы ананы кредит үшін өлтірді – қылмыстың мән-жайы
Sputnik Қазақстан
Әйелдің артында жеті баласы қалды, кенжесі небары бес жаста 21.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-21T09:16+0500
2022-02-21T09:16+0500
2022-02-21T09:46+0500
қоғам
атырау облысы
сот
https://sputnik.kz/img/1260/24/12602497_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_0a268058198359dd91d78291fbb5a5ee.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Атырау облысында жеті баласы бар әйелді кредит үшін пышақтап өлтірген ер адам он жылға сотталды. Сотта осы қылмыстың мән-жайы айтылды, деп хабарлайды "Ак Жайык".Сот материалдарына сәйкес, өткен жылы наурыз айында жеті баласы бар 35 жастағы келіншек Күлсары қаласының 25 жастағы танысынан кредит алып беруді сұраған. "Алтын Алқа" иегері ай сайынғы төлемдерді уақытында төлеуге сөз берді. Бірақ баспаханада еден жуушы болып жұмыс істеген әйел уәдесін орындай алмады. Кредит алып берген ер адам оны сол үшін өлтірген. Қараша айында ол келіншекті аңдып, жұмыстан шыққан жерінде пышақтап кеткен. Көпбалалы ана алған жарақатынан қайтыс болды. Оның артында жеті баласы мен күйеуі қалды. Үлкен баласы колледже оқиды, ал кенжесі бес жасқа толды. Қандықол қылмыскер әйелге 8 жерден пышақ салған. Сот үкіміне сәйкес, ер 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Судья оның өз кінәсін мойындағанын және полицияға өздігімен келгенін ескерді. Тергеу шараларына да белсенді атсалысты.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/24/12602497_220:0:2000:1335_1920x0_80_0_0_cbec73865a3ccb4d8a626aec36d0de81.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, сот
Көпбалалы ананы кредит үшін өлтірді – қылмыстың мән-жайы
09:16 21.02.2022 (жаңартылды: 09:46 21.02.2022) Әйелдің артында жеті баласы қалды, кенжесі небары бес жаста
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Атырау облысында жеті баласы бар әйелді кредит үшін пышақтап өлтірген ер адам он жылға сотталды.
Сотта осы қылмыстың мән-жайы айтылды, деп хабарлайды
"Ак Жайык".
Сот материалдарына сәйкес, өткен жылы наурыз айында жеті баласы бар 35 жастағы келіншек Күлсары қаласының 25 жастағы танысынан кредит алып беруді сұраған. "Алтын Алқа" иегері ай сайынғы төлемдерді уақытында төлеуге сөз берді.
Бірақ баспаханада еден жуушы болып жұмыс істеген әйел уәдесін орындай алмады. Кредит алып берген ер адам оны сол үшін өлтірген. Қараша айында ол келіншекті аңдып, жұмыстан шыққан жерінде пышақтап кеткен. Көпбалалы ана алған жарақатынан қайтыс болды.
Оның артында жеті баласы мен күйеуі қалды. Үлкен баласы колледже оқиды, ал кенжесі бес жасқа толды. Қандықол қылмыскер әйелге 8 жерден пышақ салған.
Сот үкіміне сәйкес, ер 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Судья оның өз кінәсін мойындағанын және полицияға өздігімен келгенін ескерді. Тергеу шараларына да белсенді атсалысты.