https://sputnik.kz/20220221/kasiporyndar-alayaq-qaytaryldy-22953535.html
Қазақстандық кәсіпорындарды алдап кеткен алаяқ БАӘ-ден қайтарылды
Қазақстандық кәсіпорындарды алдап кеткен алаяқ БАӘ-ден қайтарылды
Sputnik Қазақстан
43 жастағы қылмыскер 2015 жылдан бері іздеуде жүрген 21.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-21T10:57+0500
2022-02-21T10:57+0500
2022-02-21T10:57+0500
қоғам
алаяқ
кәсіпорын
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0d/18395806_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_364436d66a9c2b4799341539ea71f439.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Қазақстандық кәсіпорындарды 60 миллион теңгеден астам сомаға алдап кеткен алаяқ елге қайтарылды. Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан ІІМ Интерполмен бірлесіп, Біріккен Араб Әмірліктерінен 2015 жылдан бері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 43 жастағы қылмыскерді Қазақстанға қайтарды. Қазіргі таңда айыпталушы қамауға алынды. Ведомство соңғы үш айда Интерпол жұмысының нәтижесінде Испания, Ресей, Бахрейн, БАӘ, Грузия, Венгрия және тағы басқа елдерден түрлі қылмыс үшін іздестіріліп жатқан 16 адам анықталып, ұсталғанын мәлімдеді. Мысалы қаңтар айында Венгрияда хакерлік әрекеттер арқылы ақша ұрлағаны үшін Алматы полициясы іздестірген Румыния азаматы ұсталды. Ол трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болған. Күдікті Қазақстан, Ресей, Украина, Әзербайжан, Тайвань банктерінің шоттарына заңсыз қол жеткізу арқылы ақшаны банк карталарына аударып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырған. Шығын сомасы 9 млн АҚШ долларынан асады. Қазір оны Қазақстанға беру мәселесі шешіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20211122/kualik-adam-alayak-18720497.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0d/18395806_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_da83f290fc0248e465de5b2d309c907f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ, кәсіпорын
Қазақстандық кәсіпорындарды алдап кеткен алаяқ БАӘ-ден қайтарылды
43 жастағы қылмыскер 2015 жылдан бері іздеуде жүрген
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Қазақстандық кәсіпорындарды 60 миллион теңгеден астам сомаға алдап кеткен алаяқ елге қайтарылды.
Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан ІІМ Интерполмен бірлесіп, Біріккен Араб Әмірліктерінен 2015 жылдан бері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 43 жастағы қылмыскерді Қазақстанға қайтарды.
"Келтірілген шығын сомасы 60 миллион теңгеден асады", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда айыпталушы қамауға алынды.
Ведомство соңғы үш айда Интерпол жұмысының нәтижесінде Испания, Ресей, Бахрейн, БАӘ, Грузия, Венгрия және тағы басқа елдерден түрлі қылмыс үшін іздестіріліп жатқан 16 адам анықталып, ұсталғанын мәлімдеді.
Мысалы қаңтар айында Венгрияда хакерлік әрекеттер арқылы ақша ұрлағаны үшін Алматы полициясы іздестірген Румыния азаматы ұсталды. Ол трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болған. Күдікті Қазақстан, Ресей, Украина, Әзербайжан, Тайвань банктерінің шоттарына заңсыз қол жеткізу арқылы ақшаны банк карталарына аударып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырған.
Шығын сомасы 9 млн АҚШ долларынан асады. Қазір оны Қазақстанға беру мәселесі шешіліп жатыр.