Денсаулық

Дәрігер пневмония тудыруы мүмкін үйдегі қауіпті атады

© Pixabay / TheDigitalArtistзең
зең - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2022
Жазылу
Дәрігер қыс мезгілінде ауырып қалу қаупі жоғары екенін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан — Sputnik. Үйдегі қара зең бронхит немесе пневмония ауруларына алып келуі мүмкін. Бұл туралы ura.ru агенттігіне берген сұхбатында отоларинголог Владимир Зайцев айтты.
"Ванна бөлмесіндегі зең – аса қауіпті әрі сақтануды қажет етеді. Егер бөлме құрғақ болса, онда төнетін еш қауіп жоқ. Алайда жуынған кезде ол зең буға араласып, бөлмедегі желдету жүйесі нашар болса, онда тыныс жолдарына түседі", - деді маман.
Оның айтуынша, зең әсіресе тамақтың артқы бөлігіне, бадамша безге, жұтқыншақ пен мұрын қуысына, сондай-ақ бронх-өкпе жүйесін: трахея, бронх және өкпеге зақым келтіреді.
Дәрігер қыс мезгілінде ауырып қалу қаупі жоғары екенін айтты. Себебі жазда бөлме жақсы желдетіледі.
Біраз бұрын ММУ Биология факультетінің Микология және альгология кафедрасының инженері Максим Дьяков адамның созылмалы ауруы болса немесе ол жақында оте жасатқан болса, зең үлкен қауіп төндіретінін айтты.
Жаңалықтар
0