Өңірлер

Ақтөбелік полицейлер ер адамды құтқарды – видео

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицей, архивтегі сурет
Полицей, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2022
Жазылу
Тәртіп сақшылары оны екі шақырымдай жедел жәрдем көлігіне дейін жаяу көтеріп апарған
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Ақтөбелік полицейлер далада қатып қала жаздаған мас ер адамды құтқарды. Олар тұрғынды екі сағат іздеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, полицияға әйел қоңырау шалып, күйеуі теміржол жақта жатқанын айтқан. Бірақ нақты қай жер екенін түсіндіре алмаған. Өзі үйге жете алмайтынын түсіндірген.
"Патрульдік полиция жасақтары дереу іздеуге кірісті. Оны екі сағаттай іздеді. Ер адам өндірістік аймақта аяқ-қолы үсіп, теміржолда жатқан жерінен табылды", - дейді полицейлер.
Тәртіп сақшылары оны екі шақырымдай жедел жәрдем көлігіне дейін жаяу көтеріп апарған. Себебі көлік қалың қардан өте алмаған.
Полицейлер алкогольдік ішімдік ішудің салдары ауыр болатынын ескертті.
Патрульные полицейские на построении  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2022
Қоғам
Қазақстандық полицейлер мен олардың отбасы қандай жеңілдіктерге ие
Жаңалықтар
0