Қоғам

Министр Абаев жаңа қызметке кіріскен Азамат Сатыбалдыға сәттілік тіледі

© Photo : Ғ. Мүсірепов атындағы театрАзамат Сатыбалды
Азамат Сатыбалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2022
Жазылу
Былтыр маусым айынан бастап бұл қызметті Ғалым Шәріпбек уақытша атқарған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Актер Азамат Сатыбалды Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлады мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.
"Ресми түрде келісу рәсімдерінің барлығы тәмамдалған соң Азамат Сатыбалдының Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалғанын хабарлаймын. Отандық мәдениеттегі орны бөлек оқу ордасын басқаруда абырой мен сәттілік тілеймін!", - деп жазды министр.
Былтыр маусым айынан бастап академия ректоры міндетін Ғалым Шәріпбек атқарды.

Азамат Сатыбалдының өмірбаяны

44 жастағы Азамат Сатыбалды - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, драма театр, кино актері, продюсер.
2001 жылы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясын тәмамдаған. Сол жылдан бастап М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында жұмыс істеді.
2018 жылдың 27 желтоқсанынан 2022 жылдың 12 ақпанына дейін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болды.
2017 жылы "Cinema 28" киностудиясын және "28 Theatre" атты жеке театрын ашты.
Азамат Сатыбалды теледидарда да жұмыс істеп, концерттер мен шоу-бағдарламаларды жүргізген.
Жаңалықтар
0