Видео

Кемедегі бір күн: теңіз шекарашыларының қызметі туралы видео жарияланды

Жазылу
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі теңіз шекарашыларының қызметін көрсетті
Олар "Түркістан" қызметтік кемесімен теңізге шығып келді. Кеменің суға түсірілгеніне бір жылдай болды. Ал аға лейтенант Ербол Мүсірепов командир болып тағайындалды.
"Түркістан" шекара кемесінің мақсаты – Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі шекарасын қорғау және браконьерлікке жол бермеу, сондай-ақ, теңіздегі террористік қауіптің алдын алу", - дейді Мүсірепов.
Оның айтуынша, теңіз шекарашысы болу қиын емес. Бірақ осы кәсіптік өзіндік қиындықтары бар.
"Мысалы, жаңадан келген матростар толқындардан қатты ауырады, құсады, тәбеті болмайды. Алайда бір-екі айдың ішінде үйреніп кетеді", - дейді ол.
Командир теңіз шекарашыларының асханасын, қару-жарақ қоймасын, командир каютасын, моторлық бөлімді және жиналыс өткізетін жерді көрсетті.
"Жоғары жақта кеме командирі отырады. Теңіз дәстүрі бойынша ол жерде тек командир отырады. Жоғары жақтан бастықтар келсе де, ол жерге отырмайды", - дейді Мүсірепов.
Сондай-ақ, кеме мамандары кемедегі қару-жарақтан атыс жасау шараларын көрсетті.
Жаңалықтар
0