Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

"Дикий Арманның" анасы қырғызстандықтардан кешірім сұрады – видео

© Photo : instagram/armandzhumageldievАрман Жұмагелдиев
Арман Жұмагелдиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2022
Жазылу
Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде "Дикий Арман" Қырғызстан тұрғындары Алматы дүкендерін тонап жүр деп мәлімдеген еді
НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің анасы қырғызстандықтардан кешірім сұрап, "Пайғамбар да күйеу баласын сыйлағанын" еске салды.
Қаңтар оқиғасы кезінде Арман Жұмагелдиев Қырғызстан тұрғындары Алматы дүкендерін тонап жүр деп мәлімдеген болатын. Оның анасы Роза Жұмагелдиева ұлының осы сөзінен ұлтаралық алауыздық тудыратын түсініспеушілік пайда болды деп санайды.
"Ол сіздерден талай рет кешірім сұрайтын еді. Қазір осындай жағдайда отырғаннан кейін оның атынан, өзімнің атынан сіздерден кешірім сұраймын. Ол бір жерде дұрыс сөйлемеген шығар, дұрыс түсінбей, екі ортада ұлттық араздық болып кетті ме, білмеймін өзі. Жүрегім ауырды. Шын мәнінде, ондай ойы жоқ еді. Ол қырғыз елін өте жақсы көреді", - деді Жұмагелдиева.
Осы орайда ол қырғыздың қызы келін болып түскенін еске салды.
"Қырғыздың қызы Айкөл Әлікжанқызы маған тұңғыш немере сыйлады. Біз бақытты өмір сүріп отыр едік. Соны көруге келген еді. Осындай жағдайға душар болады деп кім білген? Мен сіздерден тағы да кешірім сұраймын. Біз өте жақынбыз, құда-құдағимыз. "Құда мыңжылдық, күйеу бала жүзжылдық" дейді. Пайғамбар да күйеу баласын сыйлаған. Сондықтан сыйлап, қабылдап, кешіріп, жақсы қарым-қатынаста болайық", - дейді Арманның анасы.
Криминальный авторитет Дикий Арман в Турции - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Дикий Арман тергеу изоляторынан жоғалып кетті – адвокаттары мәлімдеме жасады
Бейнеүндеу Айкөл Әлікжанованың Instagram парақшасында жарияланды. Арманның жұбайы қырғыз елінен қайын енесін қолдауды сұрады. Оның сөзіне қарағанда, бас кезінде Арманның өзі бейнеүндеу жариялайды деген жоспар болған. Бірақ оған аудио және видео құрылғыларды кіргізуге болмайды.
"Бірақ анасының сөзіне толық қосылады және осы түсініспеушілік сәтті шешіледі деп сенеді. Ол, шынымен де, қырғыздарды кұрмейттейді, тіпті, мақтан тұтады", - деп жазды Әлікжанова.
Еске салсақ, қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда "Дикий Арман" бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталды. Оған жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылып отыр. Арнайы прокуратураның мәліметіне сәйкес, Дикий Арманның адамдары 24 бейбіт тұрғынды ұрып-соғып, заңсыз қамап қойған. Бір адам қайтыс болды.
Арман Жұмагелдиевтің өзі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде соққыға жығылғанын мәлімдеді. Ал "дүкендерді Қырғызстан азаматтары тонап жүр" деген сөзі көрші елдің ашу-ызасын туғызды.
Жаңалықтар
0