Мужчина проходит мимо инсталляции «Пекин 2022» в преддверии зимних Олимпийских игр 2022 года в Пекине, Китай - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Бейжің Олимпиадасы
Қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді

Бүгін Бейжің Олимпиадасының жабылу салтанаты өтеді

© AP Photo / Jeff Roberson Олимпиада
 Олимпиада - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2022
Жазылу
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары 4 ақпанда басталды
НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Бүгін Бейжің Олимпиадасының соңғы жарыс күні. Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де қысқы ойындардың жабылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жабылу салтанаты 2008 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына арнап салынған "Құс ұясы" стадионында өтеді.
Салтанатты шараның басты кейіпкерлері спортшылар болмақ. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жылдар бойы өз өміріндегі басты додаға дайындалған атлеттер - жабылу салтанатының бас қаһармандары.
Сонда-ақ, Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімінде Бейжің тарихта қысқы және жазғы ойындарды қабылдаған тұңғыш әрі жалғыз қала екеніне басымдық берілмек.
Айта кетелік, Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары 4 ақпанда басталды.
Қазақстан командасының спортшылары жүлдеге ілінген жоқ. Команда сапындағы ең жоғары нәтижені Абзал Әжіғалиев тіркеді. Ол шорт-тректен 500 метрге жарысуда төртінші орын алды.
Бейжің Олимпиадасында жалпы есебі 109 жүлде жиынтығы сарапқа салынды.
Жаңалықтар
0