Қоғам

Баян Мақсатқызының фильмі Берлин кинофестивалінде бас жүлде алды

© Photo : Команда фильма "Бакыт""Бақыт" фильмі бас жүлде жеңіп алды
Бақыт фильмі бас жүлде жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2022
Жазылу
Отандық картина тұрмыстық зорлық-зомбылық жайлы баяндайды
НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Қазақстандық "Бақыт" фильмі Берлин кинофестиваліндегі "Панорама" секциясында көрермендер көзайымы жүлдесін жеңіп алды.
Режиссер Асқар Ұзабаев пен продюсер Баян Мақсатқызының "Бақыт" фильмі 72-ші Берлин халықаралық кинофестивалінде Панорома секциясының бас жүлдесін – Көрермендер көзайымы жүлдесін алды. Бұл туралы туынды авторлары хабарлады.
© Photo : Команда фильма "Бакыт""Бақыт" фильмі
Кадры из фильма Бакыт - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2022
"Бақыт" фильмі
"Бүгін біздің картинамыз "Панорама" секциясында бас жүлде иеленгенін естідік. Бұл Берлиналедегі ең беделді секция. Пандемияға байланысты фильмді 20 мың адам тамашалады, олардың көбі біздің туындыға дауыс берді. Мен өте бақыттымын. Біздің картинаны Қазақстанда ғана көрмейді, біздің проблемамыз жайлы Қазақстанда ғана айтпайды, ол туралы бүкіл әлем айтып жүр", - деді Баян Мақсатқызы Instagram-да.
"Бақыт" фильмі тұрмыстық зорлық-зомбылық жайлы баяндайды.
Сценарий авторлары Әсем Жапишева мен Асқар Ұзабаев материалдарды мұқият жинастырды, осылайша фильм шынайы оқиғаға негізделді.
© Photo : Кадры из фильма "Бакыт""Бақыт" фильмі
Кадры из фильма Бакыт - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2022
"Бақыт" фильмі
Берлиналедегі "Панорама" секциясы 80-ші жылдарда ашылған және негізгі байқаудан кейін ең беделді секция саналады. "Панорамада" кең аудиторияға арналған картиналар көрсетіледі. Ал байқаудың әділ қазылары киноиндустрияның кәсіби мамандарынан емес, қарапайым көрермендерден құралады: олар фильм аяқталысымен бірден дауыс береді. Биыл секцияға 33 елден барлығы 29 фильм қатысты.
"Берлинале жүлдесі – менің орындалған арманым. Менің ең асқақ тілегім – қоғамның, мемлекеттің және заңның әйелдерге деген қарым-қатынасын өзгерту. Бұл – менің миссиям", - деді продюсер Баян Мақсатқызы.
"Бақыт" картинасында Қазақстанның шағын қаласында өмір сүріп жатқан отбасы, ұзақ жылдарға созылған тұрмыстық зорлық-зомбылық пен махаббатсыз өмір жайында баяндалады. Күйеуі, әйелі мен олардың бойжеткен қызы – үш негізгі кейіпкер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың бар мұңы мен ауыртпалығын көрсетеді.
Жаңалықтар
0