https://sputnik.kz/20220220/auezov-suyikt-zeynolla-qabdolov-22940391.html
Әуезовтің сүйікті шәкірті Зейнолла Қабдолов туралы не білеміз
Әуезовтің сүйікті шәкірті Зейнолла Қабдолов туралы не білеміз
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның халық жазушысы, филолог-ғалым Зейнолла Қабдоловтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз 20.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-20T14:38+0500
2022-02-20T14:38+0500
2022-02-21T09:36+0500
жазушы
ғалым
өмірбаяндар
зейнолла қабдолов
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/09/15162426_0:44:3482:2003_1920x0_80_0_0_e8300555d714a569441f4a227dd39f0d.jpg
Зейнолла Қабдолов 1927 жылы 12 желтоқсанда Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіқара ауылында туған. Қабдол шаруадан тараған төрт баланың екіншісі, әпкесі, қарындасы мен інісі бар. Әкесі Қабдол – мұнайшы болған. Зейнолла Қабдолов тұрмысы орта, қарапайым отбасында туған. Атасы Көпжан аузы дуалы, сөзге шешен адам болған екен. Зейнолланың балалық шағы зұлмат кезедермен тұспа-тұс келді. Ашаршылық, халықты қырған аштық жылдары еді. Қиындықтарға қарамастан бала Зейнолла ынта-шынтасын білімге салып, ауыл мектебінде білім алды. Алайда тұрмыс жағдайы қысқан соң әкесі Қабдол отбасын алып Доссорға қоныс аударған. Зейнолла оқуын сол жерде жалғастырған. Бірақ соғыс жылдары басталып, әкесі майдан даласына аттанады. Ол кезде Зейнолла небәрі 14 жаста болды. Ол отбасына тірек болу үшін мұнайшы болып жұмысқа кіреді. Екі жыл қара жұмыспен айналысады. Кейін осы екі жылда көрген-білген жазушының "Ұшқын", "Жалын" романдарына негіз болды. 1945 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1950 жылы үздік дипломмен бітірген. Содан кейін Зейнолла Қабдолов 50 жыл бойы университетте ұстаздық етті. "Құдай тағаланың әрбір адамға берген сыбағасы бар ғой. Бұл кісіге адамгершілікті, адамға деген құрмет-сыйды ерекше берген. Ешкімге ұқсамайтын қасиеті – өзі көрген, араласқан адамның ең алдымен жақсы қасиетін, өзгеден артықшылығын байқайтыны. Оны көп адам жалпақ шешендік деп бағалайтын, мен олай ойламаймын", - дейді Қабдоловтың шәкірті – жазушы Смағұл Елубай. Ұлы жазушының шәкірті Зейнолла Қабдоловтың аты жазушы Мұхтар Әуезовтің атымен қатар аталады. 1945 жылы мұнай саласында әке жолын жалғау үшін келген бозбала Алматыда Әуезовпен танысады. Тау-кен институтындағы сабағынан шығып, қазіргі ҚазҰУ-дағы Әуезовтің дәрісін тыңдауға жиі келіп жүреді. Кейін біржола мамандығын өзгертіп, Әуезовке шәкірт болады. Зейнолла Қабдолов 1950-2006 жылдары қазіргі әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, оқытушы болды. "Өткен ғасырдың елуінші-алпысыншы жылдары Мұхтар Әуезов пен Зейнолла Қабдолов еліміздің білім ошағының қарашаңырағы – Қазақ мемлекеттік университетінде қатар еңбек етті. Сол білім ордасында бірі аға, бірі іні болып 16 жыл қоян-қолтық өмір сүріпті. Бұл жылдар ақиық жазушы Әуезовтің қаншама жылдар жанын жеген қуғын-сүргін, өсек-аяң, ізін аңду, қудалау, уәжді сөзін теріске жору секілді жаманшылықтан құлағы тыншып, бірыңғай шығармашылыққа бет бұрған жұлдызды жылдары еді. Зейнолла Қабдоловтың да "Ұшқын", "Жалын" секілді романдары жарияланып, қоғамда үлкен ой тудырған, елдің аузында жүрген кезі болатын", - деп жазған Мырзатай Жолдасбеков. Зейнолла Қабдолов 1954-1957 жылдары "Жұлдыз" журналының бас редакторы, 1957-1959 жылдары Қазақстан компартиясы орталық комитетінің сектор меңгерушісі болған. 1959-1961 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болған. 1961 жылы филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін қазіргі қазақи әңгіме тақырыбында диссертация қорғады. 1970 жылы филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін қазақ әдебиетінің теориялық мәселелері тақырыбында диссертация қорғаған. 1972 жылы профессор атағы берілді. Саналы ғұмырында Зейнолла Қабдолов қазақ тілінде әдебиеттің теориялық мәселелерін жан-жақты қарастырып, "Сөз өнері" зерттеу еңбегін жазды. Бұл еңбегі қазірге дейін филология факультеті студенттерінің білім көзіне айналып отыр. Сондай-ақ "Әдебиет теориясының негіздері" еңбегін жазды. 1998 жылы Мұхтар Әуезовтің болмысы сипатталған "Менің Әуезовім" романы үшін Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы берілді. "Мұхтар Әуезов өмірінің соңғы жылдарында ертеде жазылған бір топ әңгімелері мен пьесаларын үстінен қайта бір қарап, ғылыми дәйектеме жазып, сұрыптап, сараптап, "Қараш-қараш" жинағын шығарған. Сол мөлдіреген әдемі шығармалары топтасқан жинақты інісіндей көріп Зейноллаға сыйлапты. Кітаптың титулдық бетіне: "Ғазиз көретін, сұлу мінез, сұлу білім, өнер иесі, досым, інім Зейноллаға – дос, аға көңіл белгісі болсын" деп қолтаңба беріпті", - деп жазған Мырзатай Жолдасбеков.Зейнолла Қабдолов қаламынан туған шығармалар арасында "Адам" (1964 жыл), "Сыр" (1975 жыл) жинақтарына әңгіме-очерктері енді. Қабдолов Қазақ және Қырғыз Республикалары ғылымдарының еңбек сіңірген қайраткері. Зейнолла Қабдолов 2006 жылы 78 жасында дүниеден өтті. Алматы қаласындағы мекен-тұрағы болған Желтоқсан көшесіндегі №132 үйдің қабырғасына мемориалды тақта орнатылып, қаладағы көшелердің біріне жазушының есімі берілген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/09/15162426_377:0:3106:2047_1920x0_80_0_0_4453b3ab9fef3e6b5eea81eb26102ad5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сөз өнері ұшқын жалын романы мұхтар әуезов шәкірт ұстаз жұлдыз журналы қазақ әдебиеті ғалым менің әуезовім сыр зейнолла қабдоллов нақыл сөздері сөз өнері махамбеттің тұлғасы
сөз өнері ұшқын жалын романы мұхтар әуезов шәкірт ұстаз жұлдыз журналы қазақ әдебиеті ғалым менің әуезовім сыр зейнолла қабдоллов нақыл сөздері сөз өнері махамбеттің тұлғасы
Әуезовтің сүйікті шәкірті Зейнолла Қабдолов туралы не білеміз
14:38 20.02.2022 (жаңартылды: 09:36 21.02.2022) Қазақстанның халық жазушысы, филолог-ғалым Зейнолла Қабдоловтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз
Зейнолла Қабдолов 1927 жылы 12 желтоқсанда Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіқара ауылында туған. Қабдол шаруадан тараған төрт баланың екіншісі, әпкесі, қарындасы мен інісі бар.
Әкесі Қабдол – мұнайшы болған. Зейнолла Қабдолов тұрмысы орта, қарапайым отбасында туған. Атасы Көпжан аузы дуалы, сөзге шешен адам болған екен. Зейнолланың балалық шағы зұлмат кезедермен тұспа-тұс келді. Ашаршылық, халықты қырған аштық жылдары еді. Қиындықтарға қарамастан бала Зейнолла ынта-шынтасын білімге салып, ауыл мектебінде білім алды.
Алайда тұрмыс жағдайы қысқан соң әкесі Қабдол отбасын алып Доссорға қоныс аударған. Зейнолла оқуын сол жерде жалғастырған. Бірақ соғыс жылдары басталып, әкесі майдан даласына аттанады. Ол кезде Зейнолла небәрі 14 жаста болды.
Ол отбасына тірек болу үшін мұнайшы болып жұмысқа кіреді. Екі жыл қара жұмыспен айналысады. Кейін осы екі жылда көрген-білген жазушының "Ұшқын", "Жалын" романдарына негіз болды.
1945 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1950 жылы үздік дипломмен бітірген. Содан кейін Зейнолла Қабдолов 50 жыл бойы университетте ұстаздық етті.
"Құдай тағаланың әрбір адамға берген сыбағасы бар ғой. Бұл кісіге адамгершілікті, адамға деген құрмет-сыйды ерекше берген. Ешкімге ұқсамайтын қасиеті – өзі көрген, араласқан адамның ең алдымен жақсы қасиетін, өзгеден артықшылығын байқайтыны. Оны көп адам жалпақ шешендік деп бағалайтын, мен олай ойламаймын", - дейді Қабдоловтың шәкірті – жазушы Смағұл Елубай.
Зейнолла Қабдоловтың аты жазушы Мұхтар Әуезовтің атымен қатар аталады. 1945 жылы мұнай саласында әке жолын жалғау үшін келген бозбала Алматыда Әуезовпен танысады. Тау-кен институтындағы сабағынан шығып, қазіргі ҚазҰУ-дағы Әуезовтің дәрісін тыңдауға жиі келіп жүреді. Кейін біржола мамандығын өзгертіп, Әуезовке шәкірт болады.
"Сүйікті шәкірті болған кісі... Үлкен үміт артқан шәкірті. Әуезов оны өз еңбектерінде, хаттарында айтады. Зекеңнің өзі де айтады. Әуезов туралы "Менің Әуезовім" деген роман-эссе жазды. Сонда көп сыр жазылды. Бұл кісілердің арасындағы бір-біріне деген ықыласы әке мен бала арасындағы қатынастан артық, қасиетті, таза болған. Ғылым, білім жолында, ұлттық әдебиет, ұлттың руханиятын сүю, оны дамыту және насихаттау жолында біріккен, табысқан екі ұлы тұлға".
Зейнолла Қабдолов 1950-2006 жылдары қазіргі әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, оқытушы болды.
"Өткен ғасырдың елуінші-алпысыншы жылдары Мұхтар Әуезов пен Зейнолла Қабдолов еліміздің білім ошағының қарашаңырағы – Қазақ мемлекеттік университетінде қатар еңбек етті. Сол білім ордасында бірі аға, бірі іні болып 16 жыл қоян-қолтық өмір сүріпті. Бұл жылдар ақиық жазушы Әуезовтің қаншама жылдар жанын жеген қуғын-сүргін, өсек-аяң, ізін аңду, қудалау, уәжді сөзін теріске жору секілді жаманшылықтан құлағы тыншып, бірыңғай шығармашылыққа бет бұрған жұлдызды жылдары еді. Зейнолла Қабдоловтың да "Ұшқын", "Жалын" секілді романдары жарияланып, қоғамда үлкен ой тудырған, елдің аузында жүрген кезі болатын", - деп жазған Мырзатай Жолдасбеков.
Зейнолла Қабдолов 1954-1957 жылдары "Жұлдыз" журналының бас редакторы, 1957-1959 жылдары Қазақстан компартиясы орталық комитетінің сектор меңгерушісі болған. 1959-1961 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болған. 1961 жылы филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін қазіргі қазақи әңгіме тақырыбында диссертация қорғады.
1970 жылы филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін қазақ әдебиетінің теориялық мәселелері тақырыбында диссертация қорғаған. 1972 жылы профессор атағы берілді. Саналы ғұмырында Зейнолла Қабдолов қазақ тілінде әдебиеттің теориялық мәселелерін жан-жақты қарастырып, "Сөз өнері" зерттеу еңбегін жазды. Бұл еңбегі қазірге дейін филология факультеті студенттерінің білім көзіне айналып отыр. Сондай-ақ "Әдебиет теориясының негіздері" еңбегін жазды.
1998 жылы Мұхтар Әуезовтің болмысы сипатталған "Менің Әуезовім" романы үшін Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы берілді.
"Мұхтар Әуезов өмірінің соңғы жылдарында ертеде жазылған бір топ әңгімелері мен пьесаларын үстінен қайта бір қарап, ғылыми дәйектеме жазып, сұрыптап, сараптап, "Қараш-қараш" жинағын шығарған. Сол мөлдіреген әдемі шығармалары топтасқан жинақты інісіндей көріп Зейноллаға сыйлапты. Кітаптың титулдық бетіне: "Ғазиз көретін, сұлу мінез, сұлу білім, өнер иесі, досым, інім Зейноллаға – дос, аға көңіл белгісі болсын" деп қолтаңба беріпті", - деп жазған Мырзатай Жолдасбеков.
Зейнолла Қабдолов қаламынан туған шығармалар арасында "Адам" (1964 жыл), "Сыр" (1975 жыл) жинақтарына әңгіме-очерктері енді. Қабдолов Қазақ және Қырғыз Республикалары ғылымдарының еңбек сіңірген қайраткері.
Зейнолла Қабдолов 2006 жылы 78 жасында дүниеден өтті. Алматы қаласындағы мекен-тұрағы болған Желтоқсан көшесіндегі №132 үйдің қабырғасына мемориалды тақта орнатылып, қаладағы көшелердің біріне жазушының есімі берілген.