Білім

Қарағанды техникалық университетіне академиктің есімі берілді

© Photo : vidhyarthidarpanСтуденттер, архивтегі сурет
Студенттер, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2022
Жазылу
Академик Қазақстандағы тау-кен ғылымы мен тау-кен өнеркәсібін дамытуға зор үлес қосты
НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен Қарағанды техникалық университетіне академик Әбілқас Сағыновтың есімі берілді.
"Қарағанды техникалық университетіне академик Әбілқас Сағыновтың есімін беру – оның отандық ғылым мен білім саласындағы сіңірген еңбегінің мойындалуы. Бүгінгі таңда Қарағанды техникалық университеті еліміздегі ең ірі техникалық университеттердің бірі саналады және университеттердің беделді әлемдік – QS World University Ranking рейтингісіне кіреді", - делінген білім министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бетперде киген студенттер, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2022
Білім
Қазақстанда сот шешімімен үш университет жабылды
Әбілқас Сағынұлы Қарағанды тау-кен институтын, кейін политехника институтын 30 жылдан астам (1955-1988 жылдар) басқарды. Ол университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын, материалдық-техникалық базасын нығайтуға және жоғары білікті инженерлік кадрларды даярлауға зор үлес қосты. Қазақстандағы тау-кен ғылымы мен тау-кен өнеркәсібін дамытуда академиктің еңбегі мол.
Оның жетекшілігімен пайдалы қазбалар кен орындарын игеру технологиясы бойынша әлем мойындаған беделді ғылыми мектеп құрылды. Академиктің зерттеулерінің нәтижелері бүгінгі күнге дейін тәжірибеде кеңінен қолданылады. Әбілқас Сағыновқа ерен еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Екі мәрте Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және "Парасат" ордендерімен марапатталған.
Жаңалықтар
0