https://sputnik.kz/20220219/fermerler-elektr-energiyasy-tarif-22927816.html
Фермерлерге электр энергиясының дифференциалды тарифі қайтарылады
Фермерлерге электр энергиясының дифференциалды тарифі қайтарылады
Sputnik Қазақстан
Құжатты іске асыру шаралары 2022 жылдың маусымында басталады деп жоспарланған 19.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-19T13:15+0500
2022-02-19T13:15+0500
2022-02-19T13:15+0500
экономика
ауыл шаруашылығы
тарифтер
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0a/18624455_0:185:1920:1265_1920x0_80_0_0_c69422fd9ecf97bd676006eea67de3ca.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары аясында отандық ауыл шаруашылығы өнімдері өндірушілер үшін электр энергияға дифференциалды тариф енгізу жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2024 жылға дейінгі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын қоғамдық талқылауға шығарды. Қаулының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Жоспарға сәйкес, агроөнеркәсіп субъектілеріне электр энергиясының дифференциалды тариф қайтарылады. Құжатты іске асыру шаралары 2022 жылдың маусымында басталады деген жоспар бар. Сол кезде отандық ауыл шаруашылығы өнімдері өндірушілеріне арзан бағамен бензин мен дизель тарату жоспарланған. Ауыл шаруашылығы министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын, сондай-ақ, сату бағасын үнемі бақылауда ұстамақшы. Тауарға қосылған бағаның тізбегіне де талдау жасалады. Бағаны ұстап тұру үшін ірі сауда желілерімен және тауар өндірушілермен тиісті келісімшарттар рәсімделеді. Сондай-ақ, тағамдық қоспаларды қолдану саласын бақылау шаралары күшейтіледі деген жоспар бар. Ол үшін 2022 жылдың аяғына дейін бірнеше зертхана салынады. Мамандар ауыл шаруашылығы өнімдерінің тағамдық қауіпсіздігін, синтетикалық және химиялық заттардың бар-жоғын тексеріп отырады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0a/18624455_109:0:1797:1266_1920x0_80_0_0_a4a3bff0b89de3bdc2905831d2788f40.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы, тарифтер
ауыл шаруашылығы, тарифтер
Фермерлерге электр энергиясының дифференциалды тарифі қайтарылады
Құжатты іске асыру шаралары 2022 жылдың маусымында басталады деп жоспарланған
НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары аясында отандық ауыл шаруашылығы өнімдері өндірушілер үшін электр энергияға дифференциалды тариф енгізу жоспарланып отыр.
Ауыл шаруашылығы министрлігі 2024 жылға дейінгі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын қоғамдық талқылауға шығарды. Қаулының жобасы "Ашық НҚА"
порталында жарияланды.
Жоспарға сәйкес, агроөнеркәсіп субъектілеріне электр энергиясының дифференциалды тариф қайтарылады. Құжатты іске асыру шаралары 2022 жылдың маусымында басталады деген жоспар бар.
Сол кезде отандық ауыл шаруашылығы өнімдері өндірушілеріне арзан бағамен бензин мен дизель тарату жоспарланған.
Ауыл шаруашылығы министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын, сондай-ақ, сату бағасын үнемі бақылауда ұстамақшы. Тауарға қосылған бағаның тізбегіне де талдау жасалады. Бағаны ұстап тұру үшін ірі сауда желілерімен және тауар өндірушілермен тиісті келісімшарттар рәсімделеді.
Сондай-ақ, тағамдық қоспаларды қолдану саласын бақылау шаралары күшейтіледі деген жоспар бар. Ол үшін 2022 жылдың аяғына дейін бірнеше зертхана салынады. Мамандар ауыл шаруашылығы өнімдерінің тағамдық қауіпсіздігін, синтетикалық және химиялық заттардың бар-жоғын тексеріп отырады.