https://sputnik.kz/20220219/aqtobe-oblys-tobet-bala-22930980.html
Ақтөбе облысында төбет 9 жасар баланы талап тастай жаздады
Ақтөбе облысында төбет 9 жасар баланы талап тастай жаздады
Sputnik Қазақстан
Иттің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды 19.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-19T16:07+0500
2022-02-19T16:07+0500
2022-02-19T16:07+0500
оқиға
ақтөбе облысы
ит
бала
https://sputnik.kz/img/1411/54/14115473_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_d733959c648777b9308b1047b2992086.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында бауы шешіліп кеткен неміс овчаркасы балаға тап берді, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға Құрайлы елді мекенінде болған.Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұловтың айтуынша, иттің иесі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) бойынша жауапқа тартылды. Осы бапқа сәйкес, 10 АЕК-ке (30 630 теңге) дейін айыппұл қарастырылған."Ақтөбе қаласының жанында Құрайлы деген ауыл бар. Сонда 9 жасар баланы көршісінің иті тістеген. Учаскелік инспекторлар иттің иесін әкімшілік жауапқа тартты", - деді Сарқұлов.Айтуынша, бұған дейін қалаға жақын Құрашасай мен Қызылжар елді мекендерінде 50-ге жуық иттің иесі жауапқа тартылған.Бүгін Құрайлы ауылының аулаларын аралау, қаңғыбас және қараусыз жүрген иттерді анықтау шаралары басталды.
https://sputnik.kz/20211220/oskemen-qyz-ana-18928766.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1411/54/14115473_155:0:2886:2048_1920x0_80_0_0_0c6ab73ee06bea26445d664669edbb74.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, ит, бала
Ақтөбе облысында төбет 9 жасар баланы талап тастай жаздады
Иттің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды
НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында бауы шешіліп кеткен неміс овчаркасы балаға тап берді, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға Құрайлы елді мекенінде болған.
Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұловтың айтуынша, иттің иесі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) бойынша жауапқа тартылды. Осы бапқа сәйкес, 10 АЕК-ке (30 630 теңге) дейін айыппұл қарастырылған.
"Ақтөбе қаласының жанында Құрайлы деген ауыл бар. Сонда 9 жасар баланы көршісінің иті тістеген. Учаскелік инспекторлар иттің иесін әкімшілік жауапқа тартты", - деді Сарқұлов.
Айтуынша, бұған дейін қалаға жақын Құрашасай мен Қызылжар елді мекендерінде 50-ге жуық иттің иесі жауапқа тартылған.
Бүгін Құрайлы ауылының аулаларын аралау, қаңғыбас және қараусыз жүрген иттерді анықтау шаралары басталды.