Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК ұсталған діни ағым өкілдерінің санын жариялады

© Sputnik/Александр МирогловАлматы әкімдігінің ғимаратындағы өрт
Алматы әкімдігінің ғимаратындағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2022
Жазылу
Ұлттық қауіпсіздік комитеті билікті күшпен басып алу және жаппай тәртіпсіздікке қатысты 27 қылмыстық істі тергеп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметін реформалау барысы, ұлттық қауіпсіздік органдары жұмысының негізгі жетістіктері мен алдағы міндеттері туралы баяндалды.
"Ермек Сағымбаев қазіргі уақытта ҰҚК-нің құзыреті аясында билікті күшпен басып алу, террорлық актілер, жаппай тәртіпсіздік пен басқа да қылмыстарға қатысты 27 қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді", - деп хабарлады Ақорда.
Осы қылмыстық істер бойынша 24 адам қамауда отыр. Оның 14-і – деструктивті діни ағым өкілдері.
Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес аясында Алматы қаласында ТМД елдеріне есірткі тасымалдайтын өз "майнинг-фермасы" бар ірі есірткі лабораториясы жойылды. Құны 3,7 миллиард теңге болатын 188 келі мефедрон және 57 миллион теңге тәркіленді.
ҰҚК шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету жұмыстарын күшейтіп жатыр. Қаңтар-ақпан айларында 2133 құқықбұзушы мен 22 су көлігі ұсталған.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы ҰҚК органдарының жұмысын жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Қазақстан мен Ресей тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2022
Саясат
Тоқаев қаңтар оқиғалары кезінде Ресей Қазақстанды құтқарды дейтіндерге жауап берді
Жаңалықтар
0