Қоғам

Таяқпен зорлады: полиция жалған ақпаратқа қатысты тергеу шараларын бастады

© Sputnik / Абзал КалиевУголовное дело
Уголовное дело - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2022
Жазылу
Жалған ақпараттың авторын анықтау мақсатында қажетті тексеріс шаралары қолға алынды
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Талдықорғанда полицейлердің ұсталған азаматтарға зорлық көрсеткені туралы жалған ақпарат тарату бойынша тергеу шаралары басталды, деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 274-бабы, 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша (Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Жалған ақпараттың авторын анықтау мақсатында қажетті тексеріс шаралары қолға алынды.
"Қолданыстағы заңнама бойынша массмедиада жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", – дейді полицейлер.
Айта кетері, бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында талдықорғандық полицейлердің ұсталған азаматтарды таяқпен зорлап, бәрін видеоға түсіргені туралы ақпарат тараған болатын. Сол кезде журналистер құқық қорғаушы Виктор Тенге сілтеме жасаған.
Қылмыстық кодекс бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 3 000 АЕК-ке (9 189 000 теңге) дейінгі айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, я болмаса, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0