Ресейдің Каспий флотилиясы Қара теңіз аймағын бақылап отыр

© Sputnik / Медиабанкке өтуВизит кораблей Каспийской флотилии ВМФ России в Баку
Визит кораблей Каспийской флотилии ВМФ России в Баку - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2022
Жазылу
Ресей Әскери-теңіз күштері Каспий флотилиясына қарасты әскери кемелердің оқу-жаттығуға шығуын геосаяси құбылыс деп сипаттауға болады. 2600 километр қашықтыққа арналған дәлдігі жоғары "Калибр-НК" зымыран кешендері Каспий теңізінен Қара және Балтық теңіздеріндегі, шығыс Жерорта теңізіндегі, Таяу Шығыстағы, сондай-ақ Румыния, Болгария, Польша, Украина және Балтық жағалауы елдеріндегі нысаналарға дәл тиеді, деп жазады ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
17 ақпанда 20-ға жуық әскери кемеден тұратын Каспий флотилиясы күштерінің түрлі құрамды тобы жоспарлы маневрлер аясында міндеттерді орындау үшін теңізге шықты. Қолбасшылық пунктен берілген тапсырмаға сәйкес, экипаж әскери күштерді орналастыру, диверсияға және кемелерге бағытталған әуе шабуылына қарсы қорғаныс бойынша минаға қарсы жабдықтауды пысықтап, тәжірибелік зымыран және артиллериялық техникадан оқ атады.
Әскери шолушының айтуынша, "Дагестан", "Град Свияжск", "Углич", "Великий Устюг", "Махачкала", "Астрахань", "Ступинец" зымыран кемелері, шағын артиллериялық кемелер мен негізгі мина тазалайтын тралшының іс-қимылы 140-тан астам әскери кеме, 60 ұшақ, 1000 әскери техника және 10 000-ға жуық теңізшінің қатысуымен Ресей әскери-теңіз күштерінің Дүниежүзілік мұхиттағы ауқымды жаттығулар топтамасына біріктірілген. Ресей Федерациясына төнген қауіпке теңіз және мұхиттан төтеп беру, әскери-теңіз флоты мен әскери-ғарыш күштерінің іс-қимылын пысықтау осы маневрлердің стратегиялық мақсаты болып отыр.
Каспий флотилиясы Оңтүстік әскери округтің теңіздегі компоненті, Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ өңірлеріндегі тұрақтылықтың кепілі болып табылады. Әскери-теңіз бірлестігінің құрамында бірнеше бригада мен кеме бөлімшелері, жағалау әскерінің бөлімдері бар.
Каспий флотилиясы кемелерінің дәлдігі жоғары зымыран қару-жарақтары бүкіл Қара теңіз аймағы, Жерорта теңізінің шығыс жартысы, Балтық теңізінің көп бөлігі, Таяу Шығыстың бірқатар елдері, Грекия, Болгария, Румыния, Польша, Литва, Латвия, Эстония және Украина аумақтарын қамти алады. Сондықтан АҚШ пен НАТО-ның Ресей әскерін украин немесе поляк шекарасынан неғұрлым алыстатуға тырысуының еш мәні жоқ, деп жазды Хроленко.
Қанатты "Калибрлер" алғаш рет Каспий флотилиясында жауынгерлік мақсатта 2015 жылы қолданылды. Сол кезде 26 қанатты зымыранның бір дегенде жаппай атылуы арқылы Сириядағы жихадшылардың нысандары жойылды. Ол уақыттан бері әскери-теңіз флотының зымыран технологиясы мен тактикасы жетіле түсіп, Каспий флотилиясының кемелері флотаралық өтпелдер тәжірибесін игерді. Волгадан Донға, Азовтан Қара теңізге қарай өту флотилияның Еуропадағы әскери іс-қимыл театрының жедел әрекет ету аумағын айтарлықтай ұлғайтады.
Хроленконың ақпараты бойынша, осы жылы Каспий флотилиясы мен Қара теңіз флотының кемелері бірлескен оқу-жаттығу кезінде авиация күштері, әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс жүйелері және Оңтүстік әскери округтің жалпыәскери бірлестік бөлімшелерімен бірыңғай тактикалық мақсатты іске асырып жатыр. Олар негізінен Ресейді "тежеу" мақсатында "серіктестер" үш авиатасымалдаушы топ орналастырған Жерорта теңізі аймағын бақылауда ұстап тұр. Атап айтсақ, бұл авиация тобын америкалық USS Harry Truman, француздардың Charles de Gaulle және италиялық Cavour 550 басқарып тұр.
АҚШ әскери-теңіз күштеріне қарасты 6-шы флотты күшейту үшін тағы төрт эсминец пен 154 Tomahawk зымыранын алып жүре алатын "Огайо" сынды атомды суасты қайығын жұмылдырды. Жерорта теңізінде Ресейдің екі зымыран крейсері – "Варяг" пен "Маршал Устинов" күзетте тұр, енді "Мәскеу" атты үшінші крейсер де жақын уақытта осы аймаққа табан тірейді.
Әскери шолушы Жерорта теңізіндегі Каспий флотилиясының орналасуы Ресейдің әскери-техникалық іс-қимылының бір бөлшегі ғана екенін айтты. Егер АҚШ пен НАТО өздерінің Шығыс Еуропадағы кеңеюін шектемейтін болса, РФ әскери-теңіз флоты мен әскери-ғарыш күштері ауқымды жоспарды жүзеге асыра береді.
Оның пікірінше, "серіктестер" көпполярлы әлем мен тең қауіпсіздікке дайын емес. Ресеймен әскери қақтығысқа түсу оларға жеңіс алып келері екіталай. Ұлыбританияның қорғаныс министрінің орынбасары Ресей Федерациясымен бәсекелестіктің жаңа кезеңі басталғанын және олар дәуірге созылуы мүмкін екенін айтты. Алайда британдық Al-Quds басылымы Ресей Шығыс Еуропадағы ахуалды түбегейлі өзгертетін жағдай тудырып, НАТО-ға қолайсыздық жасап отырғанын жазды. Ал швед басылымы Svenska Dagbladet "Путин Украинаға шабуыл жасамайды. Бірақ бәрібір жеңеді" деген пікірмен бөлісті.
Қара теңіз және Жерорта теңізінде Ресей әскери-теңіз күштерінің соққы жасаушы кемелерінің топтастырылуы, Беларусьте, Сирияда және басқа да стратегиялық орындарда заманауи әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін орналастыру, Ресей ядролық күштерінің алдағы ауқымды оқу-жаттығуы кез келген қауіпке төтеп бере алады.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
Жаңалықтар
0