https://sputnik.kz/20220218/qapshagay-su-qoymasy-balyqshy-22904811.html
Қапшағай су қоймасынан бір ай бұрын жоғалып кеткен балықшының мәйіті табылды
Қапшағай су қоймасынан бір ай бұрын жоғалып кеткен балықшының мәйіті табылды
Sputnik Қазақстан
15 қаңтарда ер адамды жарықшақтанған мұздақта ағыс тартып кеткен 18.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-18T12:31+0500
2022-02-18T12:31+0500
2022-02-18T12:31+0500
оқиға
балықшылар
https://sputnik.kz/img/867/21/8672125_0:79:1498:922_1920x0_80_0_0_00bdbe5e504f5e0462a97e02f6f61242.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Қапшағай су қоймасынан бір айдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды.Бір айдан астам уақыт бойы құтқарушылар, туыстары мен еріктілер Сергей Петренконы іздеді. Осы жылдың 15 қаңтарында ер адам "Голубой залив" (Қапшағай) демалыс аймағында балық аулап жүрген. Таңғы сағат 4-тер шамасында оны жарықшақтанған мұздақта ағыс тартып кеткен.Онымен бірге тағы екі балықшы болған, бірақ сол күні құтқарушылар оларды судан шығарып алды, ал 1980 жылы туған Сергей Петренконы тікұшақпен іздесе де таба алмаған.Бір айдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылғаны туралы Lider.kz еріктілері Instagram парақшасында хабарлады. Марқұмның денесін бауыры тауып алған.Қазіргі уақытта Қапшағай қаласы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінен жоғалған балықшының табылғаны туралы ресми ақпарат түскен жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/867/21/8672125_83:0:1416:1000_1920x0_80_0_0_c0f8f879827292d32a103e80124e01b0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балықшылар
Қапшағай су қоймасынан бір ай бұрын жоғалып кеткен балықшының мәйіті табылды
15 қаңтарда ер адамды жарықшақтанған мұздақта ағыс тартып кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Қапшағай су қоймасынан бір айдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды.
Бір айдан астам уақыт бойы құтқарушылар, туыстары мен еріктілер Сергей Петренконы іздеді. Осы жылдың 15 қаңтарында ер адам "Голубой залив" (Қапшағай) демалыс аймағында балық аулап жүрген. Таңғы сағат 4-тер шамасында оны жарықшақтанған мұздақта ағыс тартып кеткен.
Онымен бірге тағы екі балықшы болған, бірақ сол күні құтқарушылар оларды судан шығарып алды, ал 1980 жылы туған Сергей Петренконы тікұшақпен іздесе де таба алмаған.
Бір айдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылғаны туралы Lider.kz еріктілері Instagram парақшасында хабарлады. Марқұмның денесін бауыры тауып алған.
Қазіргі уақытта Қапшағай қаласы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінен жоғалған балықшының табылғаны туралы ресми ақпарат түскен жоқ.