https://sputnik.kz/20220218/prezident-uade-berik-uali-22902272.html
Президент қатты суық тигізіп алғанына қарамастан, берген уәдесінде тұрды – Берік Уәли
Президент қатты суық тигізіп алғанына қарамастан, берген уәдесінде тұрды – Берік Уәли
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасы бойынша тергеу қорытындыларын наурыздағы Қазақстан халқына жолдауында жариялауды жоспарлап отыр 18.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-18T11:28+0500
2022-02-18T11:28+0500
2022-05-23T14:36+0500
қасым-жомарт тоқаев
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/11/22885275_0:0:3053:1717_1920x0_80_0_0_3d7c27f8f68f2a0dd288c2dac242c5a9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда қаңтар оқиғасына қатысты тергеу қорытындылары туралы айтады.Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев халықтан ештеңені жасырып қалмайды. Барлық ақпарат жария етіледі. Қазір тиісті органдар ауқымды тергеу жұмыстарын жүргізуде. Бұған біраз уақыт керек."Президент "Qazaqstan" телеарнасына берген сұхбатында барысында атап өткендей, қоғамдағы ең маңызды мәселе – заң үстемдігі. Дәл осы құқықтық принцип негізінде қаңтар оқиғасы барысында ұсталған азаматтардың жауапкершілік мәселесі шешіледі. Олардың басым көпшілігінің жазасы жеңілдетілгені мәлім. Жүздеген адам тергеу изоляторынан босатылды. Қамаудағы азаматтардың құқықтарын қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп жазды Уәли.Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне байланысты да тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар ауыр қылмыс (кісі өлтіру, тонау, қарақшылық және т.б.) жасағандар заңға сәйкес жазаға тартылады.Берік Уәли президент наурыз айының ортасында жасайтын жолдауында саяси реформалар бойынша өз бағдарламасын ұсынатынын еске салды.Сондай-ақ мемлекет басшысының кешегі сұхбаты көрермен қауымның зор қызығушылығын туғызғанын атап өтті."Бұл еліміздің ақпарат кеңістігіндегі маңызды тақырыпқа айналып үлгерді деп айтуға болады. Оған әлемнің жетекші агенттіктері белсенді түрде сілтеме жасауда. Қасым-Жомарт Кемелұлы қатты суық тигізіп алғанына қарамастан, берген уәдесінде тұрды", - дейді баспасөз хатшысы.Президент отандастарымыздың аталған мәселеге ерекше алаңдап отырғанын ескеріп, ұлттық телеарнаның тілшісіне беретін сұхбатын кейінге шегермеген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/11/22885275_322:0:3053:2048_1920x0_80_0_0_ab0e4680908dc03f18546f1174051c05.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Президент қатты суық тигізіп алғанына қарамастан, берген уәдесінде тұрды – Берік Уәли
11:28 18.02.2022 (жаңартылды: 14:36 23.05.2022) Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасы бойынша тергеу қорытындыларын наурыздағы Қазақстан халқына жолдауында жариялауды жоспарлап отыр
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда қаңтар оқиғасына қатысты тергеу қорытындылары туралы айтады.
"Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасы бойынша алдын-ала тергеу жұмыстарының қорытындыларын наурыздағы Қазақстан халқына жолдауында жариялауды жоспарлап отыр", - деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев халықтан ештеңені жасырып қалмайды. Барлық ақпарат жария етіледі. Қазір тиісті органдар ауқымды тергеу жұмыстарын жүргізуде. Бұған біраз уақыт керек.
"Президент "Qazaqstan" телеарнасына берген сұхбатында барысында атап өткендей, қоғамдағы ең маңызды мәселе – заң үстемдігі. Дәл осы құқықтық принцип негізінде қаңтар оқиғасы барысында ұсталған азаматтардың жауапкершілік мәселесі шешіледі. Олардың басым көпшілігінің жазасы жеңілдетілгені мәлім. Жүздеген адам тергеу изоляторынан босатылды. Қамаудағы азаматтардың құқықтарын қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп жазды Уәли.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне байланысты да тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар ауыр қылмыс (кісі өлтіру, тонау, қарақшылық және т.б.) жасағандар заңға сәйкес жазаға тартылады.
Берік Уәли президент наурыз айының ортасында жасайтын жолдауында саяси реформалар бойынша өз бағдарламасын ұсынатынын еске салды.
Сондай-ақ мемлекет басшысының кешегі сұхбаты көрермен қауымның зор қызығушылығын туғызғанын атап өтті.
"Бұл еліміздің ақпарат кеңістігіндегі маңызды тақырыпқа айналып үлгерді деп айтуға болады. Оған әлемнің жетекші агенттіктері белсенді түрде сілтеме жасауда. Қасым-Жомарт Кемелұлы қатты суық тигізіп алғанына қарамастан, берген уәдесінде тұрды", - дейді баспасөз хатшысы.
Президент отандастарымыздың аталған мәселеге ерекше алаңдап отырғанын ескеріп, ұлттық телеарнаның тілшісіне беретін сұхбатын кейінге шегермеген.