Nur Otan партиясы кезектен тыс съезд өткізеді

© Sputnik / Абзал КалиевНур Отан. Штаб. Выборы
Нур Отан. Штаб. Выборы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2022
Жазылу
Съезд барысында партия жұмысын одан әрі жаңғыртудың басым бағыттары талқыланады
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. 1 наурызда Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі өтеді, деп хабарлады партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов.
"Бүгін Nur Otan партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 наурызда кезектен тыс XXII съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Оған барлық өңірден делегаттар қатысады. Орталық аппарат филиалдармен бірге дайындық жұмыстарын бастады", - деп хабарлады Асхат Оралов Facebook желісінде.
Съезд барысында партия жұмысын одан әрі жаңғыртудың басым бағыттары талқыланады.
Жаңалықтар
0