https://sputnik.kz/20220218/ishi-osip-ketken-bes-aylyq-sabidi-shugyl-elordaga-zhetkizdi-22895024.html
Іші өсіп кеткен бес айлық сәбиді шұғыл елордаға жеткізді
Іші өсіп кеткен бес айлық сәбиді шұғыл елордаға жеткізді
Sputnik Қазақстан
Бір күн бұрын баланың ата-анасы елордадағы Ана мен бала орталығына қабылдамай жатқанын айтып шағымданған болатын 18.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-18T08:39+0500
2022-02-18T08:39+0500
2022-02-18T08:40+0500
елорда
бала
https://sputnik.kz/img/977/96/9779670_0:180:1920:1260_1920x0_80_0_0_4c4d4c91e1e378df1a5486adbc29e41f.jpg
ПЕТРОПАВЛ, 18 ақпан – Sputnik. Петропавл қаласында бес айлық сәбидің іші аяқ астынан қатты өсіп кеткен. Оны Нұр-Сұлтан қаласындағы Ана мен бала орталығына арнайы көлікпен жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.Бұған дейін кішкентай Ксюшаның ата-атасы журналистерге сұхбат беріп, әлеуметтік желілер арқылы көмек сұраған. Олардың айтуынша, 3 қаңтарда баланы облыстық балалар ауруханасына жатқызған. Сол кезде сары ауруға шалдыққан деген болжам жасалған.Біршама уақыттын кейін сәбидің іші өсе бастапты. Ал дәрігерлер іште сұйықтық жиналып қалғанын анықтады. Емдеу шаралары атқарылса да, кішкентай қыздың іші қатты өсіп кеткен. Ата-анасы астаналық дәрігерлерге үміт артты. Бірақ ұлттық ана мен бала орталығы бірден қабылдамапты.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, кезекті телемедициналық консультациядан кейін сәбиді санитарлық реанибомильмен Нұр-Сұлтандағы ұлттық ана мен бала ғылыми орталығына жеткізген."Петропавл облыстық балалар ауруханасында емделген сәбиге "белгісіз этиологиясы бар гепатит, асцит" деген диагноз қойылған. Стационарлық емдеу шаралары кезінде Нұр-Сұлтандағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының мамандарымен төрт рет телемедицина өткізілді. Барлық ұсыныс орындалған болатын", - дейді басқарма мамандары.Осы орайда басқарма қызметкерлері "баланы Ана мен бала орталығы қабылдамайды" деген дәрігердің асығыстық жасағанын жеткізді. Шын мәнінде орталықтан сәбиді қабылдамау туралы ресми жауап болмаған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/977/96/9779670_0:0:1920:1440_1920x0_80_0_0_eab6a8cbaa2c15b18b85d4efb12de2ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
елорда, бала
Іші өсіп кеткен бес айлық сәбиді шұғыл елордаға жеткізді
08:39 18.02.2022 (жаңартылды: 08:40 18.02.2022) Бір күн бұрын баланың ата-анасы елордадағы Ана мен бала орталығына қабылдамай жатқанын айтып шағымданған болатын
ПЕТРОПАВЛ, 18 ақпан – Sputnik. Петропавл қаласында бес айлық сәбидің іші аяқ астынан қатты өсіп кеткен. Оны Нұр-Сұлтан қаласындағы Ана мен бала орталығына арнайы көлікпен жеткізді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Бұған дейін кішкентай Ксюшаның ата-атасы журналистерге сұхбат беріп, әлеуметтік желілер арқылы көмек сұраған. Олардың айтуынша, 3 қаңтарда баланы облыстық балалар ауруханасына жатқызған. Сол кезде сары ауруға шалдыққан деген болжам жасалған.
Біршама уақыттын кейін сәбидің іші өсе бастапты. Ал дәрігерлер іште сұйықтық жиналып қалғанын анықтады. Емдеу шаралары атқарылса да, кішкентай қыздың іші қатты өсіп кеткен. Ата-анасы астаналық дәрігерлерге үміт артты. Бірақ ұлттық ана мен бала орталығы бірден қабылдамапты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, кезекті телемедициналық консультациядан кейін сәбиді санитарлық реанибомильмен Нұр-Сұлтандағы ұлттық ана мен бала ғылыми орталығына жеткізген.
"Петропавл облыстық балалар ауруханасында емделген сәбиге "белгісіз этиологиясы бар гепатит, асцит" деген диагноз қойылған. Стационарлық емдеу шаралары кезінде Нұр-Сұлтандағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының мамандарымен төрт рет телемедицина өткізілді. Барлық ұсыныс орындалған болатын", - дейді басқарма мамандары.
Осы орайда басқарма қызметкерлері "баланы Ана мен бала орталығы қабылдамайды" деген дәрігердің асығыстық жасағанын жеткізді. Шын мәнінде орталықтан сәбиді қабылдамау туралы ресми жауап болмаған.