Мужчина проходит мимо инсталляции «Пекин 2022» в преддверии зимних Олимпийских игр 2022 года в Пекине, Китай - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Бейжің Олимпиадасы
Қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді

Бейжің – 2022: 18 ақпанда Қазақстан атынан екі спортшы бақ сынайды

© REUTERS / Issei KatoДенис Кузин, архивтегі фото
Денис Кузин, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2022
Жазылу
Конькишілер Денис Кузин мен Дмитрий Морозов 1000 метрлік жарыс жолына шығады
АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы олимпиада ойындарының аяқталуына санаулы күн қалды. 18 ақпанда бақ сынайтын қазақстандық спортшылардың тізімін Olympic.kz жариялады.
18 ақпанда Қазақстан атынан екі спортшы сынға түседі.
Конькишілер Денис Кузин мен Дмитрий Морозов 1000 метрлік жарыс жолына шығады.
Конькимен жүгіруден 1000 метрлік жарыс Нұр-Сұлтан уақытымен 14:30-да басталады.
Айта кетері, 17 ақпанда конькимен жүгіруден Қазақстан командасы сапында өзгерістер болды. Ерлер арасындағы 1000 метрлік жарыста Иван Аржаниковтің орнына Дмитрий Морозов шығатыны хабарланды.
"Ерлер арасында 1000 метрге жүгіруден командада өзгеріс бар. Иван Аржаников денсаулығына байланысты жарысқа қатыса алмайды. Оның орнына Дмитрий Морозов шығады деп шештік. Әрине, бұл Морозов үшін айтарлықтай ыңғайлы жарыс емес. Бірақ ол соңғы кездері 1500 метрде өзін жақсы көрсетіп жүр. Сондай-ақ бұл бәсеке масс-старт алдында жақсы дайындық болмақ", - деді бас бапкер Дмитрий Бабенко.
Жаңалықтар
0